Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА



Pdf көрінісі
бет114/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы 
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 
Мусаева Улбала Абибуллаевна
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге, — деп қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, Абайды
оқу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу — ортақ парыз. Абай қалдырған рухани мұрадан әр заман
ұрпақтары өз іздегендерін табатыны және ақиқат.
«Егемен Қазақстан» газетінің 9 қаңтар күнгі № 5 санында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-
Жомат Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы баршамызға үлкен ой салғаны анық.
Аталған мақаладағы: «Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты
сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деген жолдарды оқыған кезде
жүрегіміз толқыды, санамыз сергіді. Еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін Абай шығармашылығынан
сусындау – рухани қажеттілік. Ішкі жан сарайды кеңейтуге міндеттеу қажет емес. Ол бір шөл далада келе
жатқан жолаушының мөлдір тұмаға бас қойып, құныға ішуіндей, емін-еркін шөлін қандыруындай бір ғажайып
нәрсе екені даусыз. Мұхтар Әуезов қазақты, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайды әлемге танытқан
шығармасын «Абай жолы» деп дұрыс атаған екен. Бүгінде бізге керегі осы Абай жолы. 
Мен елімізге, қазақ халқына, биліктегілерге қазақ философиясына, мәдениетіне үлгі ретінде осы Абай
жолын ұсынар едім. Абай жолында, Абай ілімінде бізге қажет нәрсенің біразы бар: нарық та, демократия да,
бәсекелестік те, ғылым-білім де бар. Тек оны игере білу керек. Абайды оқымаған, білмейтін адам болмас. 
Бірақ қайсысы Абай жолымен жүріп келе жатыр – айту қиын. Мұхтар Омарханұлы: «Абай – шалқып жатқан
ұлы мұхит. Бар-жоғы одан шөміштеп қана су іштім» деп тебіренеді бір естелігінде.
Неткен теңеу, неткен әділ баға еді. Бүгінгі таңда абайтанудың ғылыми айналымға, бір ізге түскені сонша,
ақын әлемі туралы, оның шығармашылығы жөнінде 200-ге жуық кітап оқырманға жол тартыпты. Бұл «Бір өлеңі
бір елдің мұрасындай» (М.Мақатаев) болған ұлы ақынның тереңіне бойлай алдық деген қанағатшылдықтың
қорытынды байламы емес.
Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» демеп пе еді ұлы Абай? Олай болса, жастарды еңбекқорлыққа
тәрбиелеуде Абай мұрасын басшылыққа алған дұрыс.
Шыны керек, Абай өлеңдерінен адам бойындағы надандық, пәлеқорлықтың бәрін айтып тауыса алмастай
ашу-ыза мен намыс отының ұшқынын сезгендей боламын. Ол ойға келуіме : «Көңілім қалды, достан да,
дұшпаннан да» деген өлең шумақтарының мына жолдары түрткі болды:
...Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да, 
Алдамаған кім қалды тірі жанда.
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз жарым болмаса анда-санда». Өлеңнің толық нұсқасында ақын болыс болған тұсында өзінің дос деп
жүрген адамдарының жау болып шыққандығын улы тіл, ащы сиясы арқылы жеткізген.Жоғарыда Абай
суреттеген жеке басының қамы үшін, жалпаңдап, жағымпазданатын доссымақтар қатары бүгінде баршылық.
Әрине, көпке топырақ шашқаным емес. Осы орайда Жуалыдан қалықтап ұшқан қыран Шерағамыздың:
108


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
«Қызмет деген Төлегенннің көкжорғасы, Ертең бір Бекежан шығып, мінеді де кете барады»,-деген сөзі ойға
еріксіз оралады.Сол доссымақтар осы сөзді терең ұғынса деймін, шіркін...
Абай өлеңдерінен жаңа ғасыр келді деп келешектің мақсатын көрсететін сарын сезіледі. «Мақсатым-тіл
ұстартып, өнер шашпақ» деп, демек өлеңдерім тәрбие мәдениет үгітшісі болсын деген сөз өрбітеді. “Наданның
көзін қойып, көңілін ашпақ” деп ойлы жастар осыдан үлгі алсын дейді. Расында, Абай атамыздың қай өлеңін
алып қарасақ та, тәрбие мен адамдық қасиеттерге баулитыны хақ.
Өз басым Абай шығармаларын оқи келе, оның мәңгіліктің ақыны екеніне көзім жетті. “Рухани жаңғыру”
негізінде осындай тұлғаларымыздың соңынан қалдырған асыл мұраларынан үлгі алуымыздың өзі зерделілік деп
білемін. Ел басқарып отырған азаматтардың Абайды темірқазық етіп алуы- оның қаншалықты маңызды тұлға
екенінен хабар береді емес пе? Біз, Абайды насихаттау арқылы бүкіл қазақтың мәртебесін көтереміз деп
білемін. Білім мен тәрбиенің өзі ұлттымыздың рухани болмысымен біте қайнап, тамырлы танымынан, Абайдың
шексіз мұрасынан нәр алып отырса құба-құп.
* * * * * * * * * * * * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет