----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
жоспарларын құруға көмек беремін,сабақтарына кіріп сабақ жүйелерін бақылап отырамын,кеңес беруді
біртіндеп қолданып, өзгерістер арқылы жаңашыл әдіс – тәсілдерді жүзеге асыру – мұғалім көшбасшылығын
айқындауға бірден бір бастамам деп білемін.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек
болашақ
буынды емес,жалпыазаматтық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін,жаны да,тәні де
таза,білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше
ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып,тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған.
Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру аспасын арттыру, баланы жеке тұлға ретінде алып
қарап тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.
Сөз соңында айтарым қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс – тәсілдер кеңінен қолданып жүр. Сабақты әртүрлі
әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушыларымыздың білімге,оқып – үйренуге құштарлығын арттыратыны
анық.Ұстаз қандай әдіс – тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім
беру.«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы,барлығымыз
бірге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай
өтеміз деген ойдамын.Әлемдік білім беру кеңестігінің талаптарына сай болатын,ең
алдымен ұлттық жаңа
әдістемелердің бүр жаруына,оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей
қатайып,нығайтуына нық сенемін.Сол үшін бар еңбегім мен іскерлігімді аямай,бір тамшыдай болсын қосамын
деген үлесім - өмірімнің мәнін айналғанына қуанамын.
Қорыта айтатын болсақ. осы жоғарыдаа айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін
қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына
өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,
шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді
төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде,
құрметті әріптестер! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,
өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
* * * * * * * * * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: