бөліктің синтаксистік құрылымы, заттық-логикалық
мағынасы бар, сондықтан ол
белгілі дауыс ырғағымен де
ерекшеленеді, ендеше оны пунктуациялық-мағыналық бөлік
деп атауға да болады.
Мағыналық бөлік жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем түрінде
кездеседі. Сонда тыныс белгілері,
екіншіден, мағынаға
байланысты қойылады, қызметіне қарай ойды бірінен-бірін
бөлуші, даралаушы және
сөйлем құрамындағы сөздердің
мағынасын айқындаушы, ерекшелеуші болып бөлінеді.
- Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай
егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел
дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше
жалықпас! – деп, жас жолдасына қарап күліп қойды.
Мұндағы үтір мен тырнақша – мағына айқындаушы белгілер,
қаратпа сөз Абайға арнау,
назарын аудару мәнінде
қолданылып тұрса, тырнақша төл сөздің мағынасын ашып
тұр. Сонымен қатар, бірыңғай мүше де, бастауыш пен
баяндауыш арасындағы
сызықша да мағына ерекшелеу
қызметін атқарып тұрғанын байқау қиын емес. Мұндағы
тыныс белгілері сөйлемнің грамматикалық құрылысымен
қоса, сөйлемдегі басқа пунктуациялық-мағыналық белгілерге
де байланысты қойылған. Олар: қаратпа, бірыңғай мүше, төл
сөз. Міне, осы сияқты белгілерге сүйеніп қою
мағыналық
ұстаным
деп аталады. Бұл ұстаным бойынша қойылатын
белгілер:
үтір, сызықша, қос нүкте, жақша.
Достарыңызбен бөлісу: