&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Осылайша, мәдени эволюция генетикалық эволюцияның жолында-



Pdf көрінісі
бет39/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Осылайша, мәдени эволюция генетикалық эволюцияның жолында-
ғы кептелісті айналып өтетін басып озу жолағына түсті. Бұл жолақта
Homo sapiens ынтымақтастыққа қабілеттілігі жөнінен өзге жануарлар-
ды да, адамдардың басқа түрлерін де басып озып, алға шықты.
Бәрі бірдей ДНҚ-ға байланысты емес: жануарлардың мінез-құл-
қына қоршаған орта мен жеке талғамның да әсері мол. Сейте түра,
қалыпты жағдайларда бір түрге жататын жануарлар өздерін мейлінше
жайбарақат ұстайды. Мінез-құлықтағы елеулі өзгерістер әдетте гене-
тикалық мутацияға байланысты белең алады. Шимпанзенің үрғашы-
лары бонободан өнеге алып, феминистік революцияны жалаулатпай-
ды. Бонобоның еркектері альфа-ұрғашыны тақтан тайдырып, бүдан
былай топтағы барлық мүшелердің тең екенін жариялау үшін консти-
туциялық жиынды шақырмайды. Мұндай түбегейлі өзгерістер жасау
үшін, әуелі гендік мутация қажет болар еді.
Дел осы себеппен ежелгі адамдар да төңкерістер жасаған жоқ.
Біздің пайымдауымызша, әлеуметтік қалыптың өзгеруі, технология-
ларды ойлап табу, тың жерлерді игеру әрқашан мәдени бастаманың
емес, гендік мутацияның салдары болып шығады. Алғашқы қадам ж а­
сау үшін адамдарға жүздеген жылдар қажет болды. Екі миллион жыл
бүрын гендік мутация адамның жаңа түрінің, Homo erectus-тің лайда
болуына алып келді. Тігінен жүретін адам баласы тастан қашалатын
еңбек құралдарының жаңа мейлінше тиімді технологиясын жасады, ол
әлгі түрдің басты жетістігі саналады. Бірақ Homo erectus генінде кезек-
ті өзгеріс болмаса, тас құралдар екі миллион жылдар бойы өзгеріссіз
қала берер еді!
Керісінше, когнитивті революциядан кейін sapiens-тер өз мінез-құ-
лықтарын шапшаң өзгертіп, жаңа дағдыларды келесі ұрпақ буынына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет