А. Байтурсынов 1-том final indd


іі. сарындама (сарын сөз саласы)



Pdf көрінісі
бет112/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

іі. сарындама (сарын сөз саласы)
Сарындама үш тарау: 1). 
салт сөзі, 
2).
 ғұрып сөзі, 
3). 
қалып 
сөзі.
салт сөзі.
Салттама, оның түрлері. 
Салт сарынымен яғни 
салт жөнімен айтылатын сөздер салт сөзінің табына жатады. 
Мәселен: 
мысалдар

ділмар сөз
(афоризм), 
тақпақ,
мақал

мәтел.
Мысалдар.
 
Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жан-
сыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп, өнегелеу 
мысалдау болады.
ескерту:
мысалдар көбінесе хайуандар турасында шыққан 
ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша 
тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі мақұлыққа түрлі 
өнеге боларлық сипат таңған. Ақымақтыққа өнеге болатын 


286
есек, айлакерлікке түлкі, қорқаулыққа қасқыр, момындыққа 
қой, мазақтыққа тырна, жарғақтыққа сауысқан, тағысын тағы 
солай.
Мысалдар: «Арсыз ит», «Өтірікші тышқан», «Хайуандар 
таласы», «Бақылдақ теке», «Құлағынан айырылған ешкі», 
тағысын тағы сондай сөздер.
Ділмар сөз.
Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден 
қалған сөздер ділмар сөз (европаша афоризм) деп аталады.
М ы с а л д а р:
1. Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп едім.
Тал шыбықтай бұралып,
Сал шығады деп едім.
Соққан бейіт секілді.
Үй шығады деп едім.
Қырыққан серке бұттанып,
Би шығады деп едім.
2. «Өр Дулат ұлы жүздегі бір ханға барып отырып, Қоңырат 
Мырзан би ханға сөз бермей, жалғыз сөйлей беріпті. Мырзан 
баласыз екен, соны айтып тоқтатпақ ниетпен Дулаттың бір ше-
шені айтыпты:
– Жалтақтап сөйлейсің жалғыз-ақ адамша, көтеріліп 
сөйлейсің көмегі жоқ адамша. Құйрығы жоқ, шолақ Мырзан, 
құлағы жоқ, шұнақ Мырзан, жалғыз өзің сөйлейсің бе? – деп. 
Сонда Мырзан айтыпты:
– Сен жалғыз деп сөксең, Құдайға тілің тиеді. Жарлы деп 
сөксең, пайғамбарға тілің тиеді. Құйрығым шолақ болса, тұлпар 
шығармын, құлағым шұнақ болса, сұңқар шығармын. Құйрығы 
ұзынды біз итке меңзейміз, құлағы ұзынды есекке меңзейміз. 
Ешкі егіз табады, ит сегіз табады, шошқа тоғыз табады. Сенің 
бабаң егіз еді, анаң сегіз еді, өзің тоғыз едің. Сенің тоғызыңды 
алса, Құдайдың шамасы жоқ па? Маған бала берейін десе, ба-
ласы жоқ па? – депті.
Халық: Мынаған тас атындар депті. Дулаттың биі: «Айтқанын 
қылып, бітімін беріңдер», – деп топтан шыға жөнеліпті».
(Ыбырайұлы Шорман жинағаннан)
3. «Қаз дауысты Қазыбек би жолаушылап жүріп, бір үйге 
түстеніпті. Үй иесі үйінде жоқ екен, қатынының күткеніне 


287
риза болып, ерін көріп кетпек ниетпен қонып қалыпты. Ері 
жұпынылау адам екен, Қазыбек жолдастарына қарап айтыпты:
– Жігіттер, бұл сөзімнің мәнісі бар, 
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар. 
Құданың құдіретіне қарап тұрсаң
Жапалақ үйрек ілген бір ісі бар, – 
деп. Қазыбектің сөзіне қатыны түсіне қалып, былай депті:
– Құда-еке, сөзіңіздің мәнісі бар,
Мәндінің мәнсізбенен көп ісі бар. 
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай
Тағы да қоңыр қаздан дәмесі бар. 
Қазыбек қатынға риза болып, мына сөзді айтып, жүріп 
кетіпті:
– Балаң жаман болса
Көрінгеннің мазағы. 
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы. 
Қатын жаман болса, 
Бұ жалғанның тозағы.
Туған балаң жақсы болса, 
Екі көздің шырағы. 
Мінген атың жақсы болса, 
Бұл дүниенің пырағы. 
Алған жарың жақсы болса
Мейманыңның тұрағы.
(Ыбырайұлы Шорман жинағаннан)
4. «Қыпшақ Досбол датқа қартайып, науқас болып жатқанда, 
Байсын Саудағұл және Нұрмаш деген атқа мініп, ел билеп 
жүрген үш кісі көңілін сұрай барып, Досболға айтыпты:
– «Е, датқа-еке, бұрынғының арты едің, бүгінгінің қарты 
едің, әлдеқалай боласың, артыңда қалатын жандарға не айтып 
кетесің, ілгері өткендерге не айтып барасың?» – депті. Сонда 
Досбол:
– «Уа, сеңдерге не айтайын, жұрт сендердікі, өз ақылдарың 
өздеріңе жетеді. Ілгері өткендерге айтып баратын сөзім мынау: 
бақ деген сендер тірі күнде сұңқар еді: елде кімнің басы биік 


288
болса, соған қонушы еді, сол бақ қартая-қартая қара шыбын 
болды. Қайда сасық болса, соған қонды. Соқырдың көзіне 
қонды, пұшықтың мұрнына қонды, таздың басына қонды деп 
барамын», – депті. Байсын соқыр екен де, Нұрмаш пұшық екен, 
Саудағұл таз екен. Үшеуі ұялып, үйден шыға жөнеліпті».
Ділмар сөз иесінен айырылса иә тақпаққа, иә мақал-мәтелге 
айналып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет