А. Байтурсынов 1-том final indd


Бесік жыры   яки   бала тербету



Pdf көрінісі
бет120/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

Бесік жыры
 
яки
 
бала тербету.
Баланы ұйықтату үшін айта-
тын өлең. Бала тербету түрліше айтылады, бірақ бәріне бірдей 
жалпы келетін де жерлері бар. 
М ы с а л д а р:
Әлди, әлди, ақ бөпем! 
Ақ бесікке жат, бөпем! 
Құнан қойды сой, бөпем! 
Құйрығына той, бөпем! 
Бәрін жеп өзің тауыспай. 
Маған-дағы қой, бөпем!


304
Әлди, әлди, аппағым! 
Қозы жүні қалпағым!
Жұрт сүймесе, сүймесін!
Өзім сүйген аппағым!
Әуіп, әлди, әуіп, алдаш!
Етегінде қуырмаш.
Жейін десе, тісі жоқ,
Кісіменен ісі жоқ.
Қарағым менің қайда екен?
Қыздарменен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қайда екен?
Жаңа теріп жүр екен.
Айналайын айымыз!
Алты қарын майымыз!
Жеті қарын жентіміз!
Шаһар Бұхар кентіміз!
(Қалып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 
27, 130-ыншы нөмірлерінен қара).


305
жАзУ әДеБиет
Жазу әдебиет деп жазылған шығармаларды айтамыз. Жа- 
зылған шығармалар қазаққа жазу тарай бастағаннан бері қарай 
шыққан сөздер. Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішін-
де молдалық қылып дін үйретушілер, бала оқытушы қожалар,
ноғай молдалар болған себепті жазба сөзді шығарушылар 
да бастапқы уақытта солар болған. Қазақ ішінде олар көп 
тұрып, қазақтың тілін, мінезін жақсы білген. Қазақтың өлеңді 
сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен 
үйреткен. Шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, 
өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, 
көңілдеріне қондырған, басқа мұсылмандардың тіліндегі діндер 
түрде шығарған. Ертегі өлеңдерді қазақтың ертегі жырларының 
түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат 
бұйрықтарын өлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс, бірақ 
қожалар, ноғай молдалар көбінесе ақын болмағандықтан, 
қазақтың ертегі жырларындай келістіріп, мұңды, зарлы, әдемі 
қылып шығара алмаған. Шығармаларының сөзімен мәздемей, 
ертегінің жаңалығымен, әңгімесінің қисынымен қызықтырып, 
тамұқтың азабымен қорқытып, жұмақтың рақатынан 
үміттендіріп, дін арқылы тыңдаулы қылған. Қожалардың, 
молдалардың ішінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар 
шыққаннан кейін, жазба сөздері бітегене дәмділенген, бірақ 
қайсысында да болса, белгілі бағыт болмаған. Шығарған 
сөздері, бағыт жағынан қарағанда, адасқан адамның ізі сияқты, 
бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы – дүниеге қызықпай, 
ақыретке азық жи деу, ғұшыр
5
, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға 
мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару жағынан ақыл 
айту бағыттары бәрінің де бірдей. Бұл жағынан ұлақбайды
басқа жағынан іздері былғалақ-шылғалақ, адам біліп болар 
емес. Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың 
үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп, тыйғысы келген. 
Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың 
тар тұсауына үйрене алмаған. Шыдатпай үзіп, өз жөнімен 
жүре берген, сондықтан жазу әдебиетпен қатар, қазақтың ауыз 
әдебиеті жоғалмастан, түгел күйінде сақталған.
5
Ғұшыр – араб сөзі, «салықтың бір түрі» деген мағынада


306
Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса 
да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, 
көркейту орнына, тілді бұзған, аздырған. Қазақтың тұтынған 
тілімен жазбай, шығарушылар: «Кітаби тіл», «Әдеби тіл» 
деп, ноғай тілімен яки сарт тілімен жазған. Қазақтың тілінде 
басылған бұрынғы шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі 
болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан қойыртпағы бо-
лып шығады. Ол қойыртпақ тіл қожалар, молдалар шығарған 
сөздерде ғана емес, қазақ молдаларының шығарған сөздерінде 
де бар. Бұл кемшілік егерде баспа кітаптар жүзінде ғана бол-
са, бастырған ноғайлар бұзды дер едік олай емес, жазу солай 
екендігін қазақ молдаларының өз қолымен жазған жазула-
ры көрсетеді. Әдебиетті молдалар дін бесігіне бөлеп, таңып 
тастаған себепті әдебиет көпке дейін өңдеп өсе алмай, мешел 
болып, аяғын баса алмай жатқан, сол күйінде тұрғанда орыс 
үкіметінің саясаты келіп килігеді. «Қазақ діні шынығып жетпе-
ген шала мұсылман халық, мұны мұсылман дінінен христиан 
дініне аударып жіберу оңай» деген пікірмен, орыс үкіметі қазақ 
пен ноғай арасына жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның 
үшін қазақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық 
саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға 
қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін 
қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады. 
Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп 
жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының 
әдебиеттерімен танысады.
Бұрын қазақта жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін 
күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бас-
тайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – дінді жаю, 
дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты – тілді 
ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сүйтіп, жазба 
әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1) 
діндар дәуір
, 2) 
ділмар 
дәуір

Діндар – діншіл
деген мағынада, 
ділмар – тілшең
деген 
мағынадағы сөздер.
Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық 
әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес, басқа 
жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір 


307
әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларға елік-
тегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге 
көріп, үлгі алып, соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай 
бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз 
бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс. 
Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек 
әдебиетінен үлгіні Рум алған, Европадағы басқа жұрттар алған. 
Біздің орыс та әдебиет үлгісін Европадан алып отыр, біз орыс-
тан алып отырмыз.
Жазу әдебиетіне басқа жұрт үлгісі қатысқандықтан, біз-
де жазу әдебиет шығармаларын діндар дәуірдікі болсын, діл-
мар дәуірдегі болсын ауыз әдебиетше тұтыну орнына қарай 
бөлмей, айтылу орнына қарай бөлеміз. Басқа жұрттардың 
әдебиеті де солай бөлінетіні «Дарынды сөз түрлері» деген 
бапта жалпы түрде ғана айтылып өтіп еді. Енді қандай түрге 
бөлінетінін, қандай сөз қай табына қарайтындығын толығырақ 
түрде баяндамақпыз.
Жазу әдебиеті негізінде үшке бөлінеді:
1. Ертек 
(әңгіме). 2. 
Толғау
, 3. 
Айтыс-тартыс
. Жазу әде- 
биетінің ертек түріне кіретін сөздері – 
ауыз ертек, ертек жыр, 
тарихи жыр, мысалдар
сияқты сөздер. Толғау табына кіретін 
ауыз толғау
, жоқтау сияқты көңіл күйінен шығатын сөздер. 
Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі ауыз әдебиетте 
жоқ. Ашып айтқанда, ауыз әдебиетте айтыс-тартыс түріндегі 
сөздердің ауыз әдебиетте айтысы бар да, тартысы жоқ. Ай-
тыс-тартыс түріндегі шығармалар жалғыз қазақта ғана емес, 
басқа жұрттардың да ауыз әдебиетінде болмаған, айтыс-тартыс 
түрдегі шығармалар өте шеберлікті керек қылғандықтан, өнер 
күшейген кезде шыққан.


308


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет