А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет128/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

і. әуезе түрлері
1. ертегі жыр.
Ертегі жыр деп өлеңмен айтылған ертегі 
айтылады. Сындар дәуірдің ертегісі бұрынғының ертегісінен 
сындарлығымен айрылады. Ақындар ескі ертегіні ажарлап, 
ертегі жыр етіп шығарады яки өз тақырыбымен, өз қиялынан 
шығарады. Жаңа дәуірдің ертегі жырлары Мағжан жазған 
Сыздық батыр турасындағы ертек, Пушкиннен аударылған 
«Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» сияқты ертегілері бо-
лады.


327
2. Ұлы әңгіме
 
яки
 
роман.
Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс 
сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп 
көрсететін шығармаларды айтамыз.
Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда, 
тақырыпты не өз заманындағы тұрмыс сарынынан алады, 
не өткен замандағы тұрмыс сарынынан алып жазады неме-
се алдағы заманның сарынын болжап жазады. Роман алған 
замандағы тұрмыс сарынын көрсеткенде, сондағы адамдардың 
үлкені-кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы-кедейі, төресі-
қарасы бар, жасы-кәрісі бар не істейді, не іздейді, не тілейді, 
неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені 
жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық қысқасы, 
иә бүтін бір жұрттың яки жұрттың бүтін бір табының сыр-си-
патын сөзбен суреттеп, алдыңнан өткізеді.
Ертек жыр, тарихи жыр сияқты шығармалар зор уақиғалар- 
дан қара көрінім асқан адамдардың ғана істерін сөз қылады. 
Жалпы, қалыпты жай адамдардың істеріне, өздеріне онша на-
зар салмайды. Ұлы әңгіменің мақсаты көптің өмір сарынын 
суреттеп көрсету болғандықтан, бұл туралы шығармаларда 
адамның да, уақиғаның да ұлысына, ұсағына бірдей назар са-
лынады. Өмір сарынын көрсететін хаттан асқан, сирек болатын 
үлкен уақиғалар, ұлы адамдардың істері емес, құмырсқадай 
қыбырлап, түрлі жол, түрлі жөнмен тіршілік етіп, тырбанып 
жатқан көптің амалы. Адам өміріндегі істің ұсағы көп, ірісі аз 
болады. Ұсақ уақиғаның адамға күнінде оны душар болғанда, 
ірі уақиғаның өмір бойы душар келмеске ықтимал. Адам басы-
нан кешетін көбіне ұсақ уақиға, ұсақ іс, жеңіл сүйініш, жеңіл 
күйініш. Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалармен болмай, ұсақ 
істерден де өнеге көрсетуге тырысады. Оның олай етуінде екі 
түрлі мәніс бар:
а) Ұсақ уақиға мың қырланып, мың түрленіп қайта айналып 
тұрады. Қайта-қайта болатын уақиға қалыпқа айналады.
Адам тұрмысының тағдырын күн сайын құбылып, қайта-
қайта келіп тұрған ұсақ уақиғалар шешеді. Бір рет өтірік 
айтсаң, ол зор бәле: өтірікші, сырғиға, сенімсіз болсаң, онан 
тіршілігіңе келетін кесапат көп. Адам бірден өтірікші, бұзық, 
ұры-қары болмайды, бірден түзік, әділ, адал, ізгі де болмайды; 
бір істегенін қайта істеп қалыптанумен бірте-бірте барып бо-
лады.


328
ә) Ұсақ уақиғаның бірден-ақ ұлы уақиғаға себеп болатын 
жерлері де бар. Үлкен үйге кішкене кілт жол ашатыны сияқты, 
үлкен іске көбіне кіші іс кілт болады. Кіп-кішкене ұшқыннан үп-
үлкен өрт шығады, аз нараздық көңілден үлкен ұрыс, төбелес, 
соғыс шығып кетеді. Сол сияқты адам қателескен бір ғана ісінен 
өмірлік тұрмысын ауырлатып алуы ықтимал. Бір дұрыс істеген 
ісінен жөнін түзеп, тұрмысын жеңілдетіп алуы ықтимал. Ұсақ 
уақиғадан ұлы уақиға тууы ықтимал болғандықтан ұсақ істің 
бәрін ұсақсыну керек емес. Ол ұсақ іс бәлки, зор шарапатқа иә 
зор кесапатқа кілт болатын ұсақ істің бірі шығар. Олай болса, 
ұлы уақиғамен қатар, ұсақ уақиғаларды қатарға алу, түрін тану 
керек болады. Күн сайын істеліп жататын ұсақ істің ұлы іске 
ұласарлығы да, ұласпастығы да бар. Тіршілік ісі біріне-бірі 
оралып, шиеленісіп, байланып жатады. Тіршілік ісінің парқын, 
абырой-мәнісін білу ұйысқан жіптің ұштарын табу сияқты, 
қайдан басталып, қайдан тоқтайтынын, бірте-бірте арасын 
ашып, шешімін шешіп барып таппасаң, бірден таба алмайсың. 
Ұсақ іс ұсақ іспен шиеленісіп, байланысып тұрса, оны қатарға 
алмасаң да келер-кетері аз, ұсақ іс ұлы іске байласып тұрғанда 
қатарға алмасаң, қамтама қаласың. Биік мақсат, зор үміт, ұлы 
пікір жоқ өмір хайуан өміріне ұқсас, бірақ ұсақ істердің ішінде, 
ұсақсынып байқамай өтсең, опық жегізіп, өкіндіретіндері де көп 
болады. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіңе бөгет 
болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер; 
олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде. 
Олардың бөгетшілігін бұзуға көп күш, үлкен іс керек емес, 
ұсақ ғамал, жиі жеделдік керек. Тіршілік ғамалы – заманның 
заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы, адамның іздеген
көздеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жол-
дарымен танысу. Тұрмыс ғылымын жақсы білгеннің ісі – ұсақ 
істерге айналып, ұлы істерді де ұмытып кетпеу, ұсақ істерді 
ұсақсынып, қатарға алмай, қазыққа сүрінгендей болып құлап 
та жатпау.
Ұлы әңгіме тұрмыс тілі, өмір жүзіндегі ұлы-кіші ғамалдар, 
ұлы-кіші уақиғалар қалай бір-біріне оралып, шиеленісіп, 
байланысып, ұйысып, ұшы қайдан басталып, қайдан барып 
тоқтайтынын мысалмен көрсеткен секілдендіріп алдыңа әкеліп, 
түрлі жолмен, бағытпен байланыстырады, шиеленістіреді. ІІІи-
еленістіре барып, немен тынатындығын көзге көрсетеді.


329
Тұрмысқа сарын жасайтын адамның ғамалы, ғамалға өң бе-
ретін адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс төңірегі. 
Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген 
ісінен білінеді. Адамның тысқа шыққан пікірінде, көңілінің 
күйінде, еткен ғамалында мінезінің қай түрі көбірек көрінсе, сол 
адам сол мінезді болмақ. Мінез іштен туады, бірақ шынығып 
жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады. 
Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, 
тұрмысындағы төңірек. Өмірінде қандай тұрмыс көрсе, нендей 
адамдармен кездессе, жолдас болса, істес болса, солардан өнеге 
көріп, үлгі алмақ. Өнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін 
төңірегінен алады.
Өнер, ғылым бар жұрттар, адамдар тәрбиені ата-анадан да, 
төңірегінен де, мектептен де, әдебиеттен де алады. Сүйтіп, 
адам мінезіне өң беретін үй іші, мектеп, төңірек болып шығады. 
Бұлардың өзі де, адамдар түрлі болып туғандықтан, түрлі 
тәрбие алғандықтан, түрлі болады. Сондықтан олардан тәрбие 
алған адамдар да түрлі мінезді, түрлі құлықты болмақ, бірақ 
адам көп, мінез түрі аз болғандықтан, көп адамдар мінездес 
яғни бір мінезді болады. Мінездері ұқсас бірыңғай, бір кейіпті 
адамдарды 
кейіптес
дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп 
беретін адамдарды 
кейіпкер
дейміз. Жомарттық, сараңдық, 
батырлық, қорқақтық, түзіктік, бұзықтық – бұлар қай жұртта 
да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай 
мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады.
Қазақтың арамза атқа мінерлері, қазақтың есерсоқ салдары, 
түйені түгімен жүтып қоятын болыстары – бұлар ұлтындағы, 
заманындағы кейіпкерлер болады. Ұлы әңгімешілер тұрмыс 
сарынын сүгіреттегенде, сарынға кейіп беретін, өң беретін 
таптардың кейіпкерлерін алып суреттейді. Жазушы кейіпкер-
лерін неғұрлым дұрыс алса, соғұрлым ұлы әңгіме тұрмыс са-
рынын дұрыс суреттеп, қалыпқа сәйкес, шынға жақын болып 
шықпақ. Бірақ сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты 
ғана сүгіреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып 
суреттейді. Тұрмыс жағдайын өз ойлаған түрінше өзгертсе, 
өмір сарыны өзге жөнмен де кетуге мүмкіндігін көрсететін са-
рындаулар да болады. Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі 
болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан 
тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірі-уақты істері 
болатындықтан, ол істер біріне-бірі ұласып, біріне-бірі ора-


330
лып, байланысып, шиеленісіп жататындықтан, осының бәрін 
суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп, 
дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып 
шығару көп жазушылардың қолынан келе бермейді. Ұлы әңгіме 
жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс – барша түрін де 
жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек.
Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі 
ұзақ әңгіме
деп 
аталады. Онан да шағындау түрі 
ұсақ әңгіме
деп аталады.
Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-
кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу 
аудандарында айырма бар: Ұлы әңгіме сөзін алыстан айдаған 
аттарша жайыла бастайды. Ұзақ әңгіме жақыннан айдаған ат-
тарша жайыла бастайды; ұсақ әңгіме мүше алып оралып келе 
коятын аттарша бастайды.
Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ. 
Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме) 
деп ат қойылса да өресі мен өрісі шағын болғандықтан, о 
да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын. Мұхтардың «Оқыған аза-
мат», Ысмағұлдың «Қалайша кооперация ашылды» деген 
әңгімелері ұсақ әңгімеден гөрі ұзақ әңгіме түріне жақын бола-
ды. Нағыз ұсақ әңгіме болатындар Ысмағұлдың «Автономия-
сы», Міржақыптың «Қызыл қашары», Бейімбеттің «Айт күні» 
сияқты әңгімелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет