А. Байтурсынов 1-том final indd


ііі. Айтыс-тартыс түрлері



Pdf көрінісі
бет136/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

ііі. Айтыс-тартыс түрлері
Айтыс-тартыс сындар әдебиеттің бір түрі екендігі жоғарыда 
айтылған еді. Айтыс-тартыс қазақ ақындарының айтысқаны да 
емес, олардың айтыстырып шығаратын өлеңдері де емес, ол 
айтысу иә айтыстыру мен айтыс-тартыс екеуінің арасында аты-
нан басқа жанасатын жері шамалы: екеуінің айтыс деген аты 


340
мен айтыса сөйлесуі ғана ұқсас. Онан басқа бір-біріне жанаса-
тын жері жоқтығы төмендегі сөздерден мәлім болады.
Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. 
Әуезеде (әңгіме) ақын өз жағынан еш нәрсе қатыстырмай, 
басқаның басында болған уақиғаны айтады да қояды. Ай-
тыс-тартыста ақын өз басындағы емес, басқаның басындағы 
уақиғаны көрсетіп, өз басынан, көңілінің күйінен еш нәрсе 
қатыстырмайды. Бұ жағынан айтыс-тартыс әуезеге (әңгімеге) 
жақын. 
Әуезеде (әңгіме) бір болған уақиғаны, уақиғада болған 
адамдардың не істеген әңгімесін естиміз, бірақ ол адам-
дарды, уақиғаларды көрмейміз. Айтыс-тартыста ақынның 
айтқан
 
әңгімесін естімейміз, уақиғаның өзін, уақиғада болған 
адамдардың өздерін көреміз. Уақиға көз алдымызда болып, 
адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шек-
кенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жет-
кенінше амалдап, қайратына қарай қару қылып алысқаны, 
арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, 
күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір 
жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді.
Бұл шын өмірдің өзі емес, нәрсенің айнаға түскен сәулесі 
сияқты, өмірдің алаңда көрсетілетін сәулесі ғана. Бірақ 
нәрсенің айнаға түскен сәулесі қандай айнымайды, бұ да сондай 
шын өмірдің өзінен айнымайтын сәулесі. Айтыс-тартыстағы 
уақиғалар, адамдар, асылында, болған заттар емес, ақын өзі 
жасаған, ақын қиялынан туған заттар. 
Ақын адамдарын жасап, ауыздарына сөздерін салып, іс-
тейтін істерін дағдылап, ал істей беріңдер деп, өзі ғайып бо-
лып кеткен сияқты, айтыс-тартыста ақынның өз тарапынан 
еш нәрсе сезілмейді. Әуезеде (әңгіме) уақиғаны сөйлеу, ай-
тыс-тартыста ақын өзі сөйлемей, өзгелерді сөйлетіп, айтысты-
рып, тартыстырып жіберіп, өзі бейтарап болып, тек қызығына 
қарап отырып қалған сияқты болады. Мұнда өткендік жоқ, 
осы уақытпен керсетіледі. Әуезеде (әңгіме) ақын айтқанынан 
өткен уақиғаның әңгімесін естиміз, айтыс-тартыста уақиғаны 
біреудің айтқанынан естіп білеміз. Көзбен көріп те білеміз. 
Әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы.
Айтыс-тартыс пен толғау арасында да айырыс зор. Айтыс-
тартыста ақын өз тарапынан еш нәрсе сөйлемегендіктен, өзі 
сезілмей тек қиялынан туған адамдар бәрін істеген сияқты 


341
болып көрінеді дедік. Толғау – ақыннын ішкі ғаламының сөзі 
болғандықтан мұнда да сөзімен өзі көрсетіп отырады. Толғауда 
ақын қабағын қарс жауып, қайғырып тұрған күйінде де, беті 
гүл-гүл жайнап, қуанып тұрған күйінде де, сүйінген күйінде 
де, күйінген күйінде де, тарыққаң, зарыққан, жабыққан күйінде 
де, шаттанған, марқайған, масайраған күйіңде де көріп отыра-
мыз. Айтыс-тартыста ол жоқ.
Сүйтіп, айтыс-тартыс пен әуезенің (әңгіме) арасындағы да, 
толғау мен айтыс-тартыс арасындағы да айырыс зор. Бірақ ай-
тыс-тартыс пен әуезе (әңгіме) екеуінің арасы толғау мен айтыс-
тартыс екеуінің арасынан жақынырақ. Үйткені бірі уақиғаны 
айтып білдірсе, екіншісі уақиғаны көзге көрсетіп таныстырады. 
Екеуі де тысқы ғаламның хабары, тысқы ғаламның өзі. Бұлай 
дегеннен айтыс-тартыс тысқы ғаламның сөзі деп те түсіну 
керек емес. Асылында, айтыс-тартыс ішкі ғалам мен тысқы 
ғаламның түйіскенін көрсететін сөз түрі.
Адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі деген 
сөзді түсінікті болу үшін азырақ баяндап өтейік. Адам бала 
күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған 
нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден 
өзін айырмайды, өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады. 
Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын 
істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастайды. Ер-
жеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, 
өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық, 
жамандыққа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, 
өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, 
мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріскен 
жерде тысқы ғаламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам 
мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғаламның ниетіне 
тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп, ұстаса 
кетеді.
Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған 
соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне 
қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, 
ол тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қарай түрлі болады, 
неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. 
Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне 
қарату, бағындыру талабында болады, біреу дүниеге атағын 
жаю талабында болады; біреу дүниенің сырын танып, адамның 


342
көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін 
өткізеді. Біреу адам баласын теңгеріп, арасына әділдік орна-
тып, дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен 
өткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай болу мақсатпен өмір 
өткізеді; әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ. Аз болсын, 
көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын 
әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, 
талассыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, 
тартысады. Талас, тартыс табиғаттың негізгі заңының бірі.
Табиғат тас жүрек, қанша өтініп жалынсаң да, жағынсаң 
да, өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі 
рақымсыз: жолы толып жатқан кер мен кедергі; ісі шынжыр 
қатар тіркескен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған 
шырмау. Өз еркім өзімде, өз ісіме өзім қожа, өзім себеппін деп 
жүрген адам тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса ал-
майды. Табиғат заңы мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр: дауыл-
ды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары 
ағызуға еш адамның қолынан келмейді; сол сияқты табиғат 
заңы адамда, адам әлеуметінде де бар. Адам қанша дана, білімді 
болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның 
мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан 
батырдай әлек болмақ.
Ұстасу
әркімнің әліне қарай түрлі болады. Біреу ұстасу жо-
лында әлек болады, біреу азап шегеді, біреу құр әуре болады. 
Кейбіреулердің айтқаны келіп, сөзі дұрыстыққа шығады. Осы-
ны көрсететін әдебиет түріне тек айтыс дегеннен айтыс-тартыс 
деген ат сәйкесірек болады деуіміздің мәнісі осы. Мұнан былай 
қарай иә айтыс-тартыс, иә ұстасу деген атын қолданамыз.
Жоғарыда айтылған сөздерден көрініп тұр:
1. Ұстасу жалғыз тысқы ғаламды сөйлейтін әуезе де емес 
екендігі, жалғыз ішкі ғаламнан хабар беретін толғау да емес екен-
дігі; бұл ішкі ғалам мен тысқы ғаламның ұстасуынан шыққан 
– әуезе мен толғау екеуі де бар дүбара сөз болатындығы;
2. Шығарма ұстасу болу үшін мазмұны адамның дүрілдеген, 
дуылдаған, бұрқырақты дауылды ісі болу тиістігі;
3. Ұстасушының және басқа ұстасу бұрқағының ішінде 
жүрген адамның мінезі, құлқы, мұңы, мүддесі, ниеті, мұраты, 
барша сыр-сипатын баяндайтын болған соң, сөйлеген сөзінен, 
істеген ісінен, ұсқынынан, әлпетінен, әдетінен көрінерге тиістігі;
4. Ұстасудың мақсаты тысқы ғаламға қарсы жұмсалған ішкі 


343
қайрат болған себепті, ол қайратты жұмсатып отырған белгілі 
бір мақсат болған соң, ұстасуда көрсететін ғамалдар ойламаған 
жерден шыққан уақиға сияқты болмай, мақсатты қайраттан 
туған ғамалдар болып көрінуге тиістігі.
Е с к е р т у: Мақсатты қайраттан туған ғамал дегеннің мәнісі 
мынау болады: Әуелі мақсатты қайраттан туған ғамал болу 
үшін, ол ғамал мұрат жолына жұмсалған ғамал болуы керек. 
Олай болмаса, ғамал ойламаған жерден шыққан тек уақиға 
ғана болады. Мәселен, екі адам сөзден ілінісіп, төбелесіп, біре-
уі өліп қалды. Бұл қайғылы уақиға болады, бірақ ұстастыру 
шамасына сүрлеу бола алмайды.
Егерде жылқыға тиген ұрыны өлтірсе, ол ойламаған уақиға 
болмайды, үйткені ұрының мұраты ұрлықпен күн көру, ұрлық- 
пен мал жию еді. Оның жылқыға тиюі мұратының жолында 
істеген мақсат ғамалы болады да, өлуі мұратына қарай алған 
сыбағасы болады.
Екінші, мақсатты қайраттан туған ғамал болу үшін, кезі-
не келген шабыттың ғана ғамалы болмай, құмарлық, әуестік 
сияқты мінез иә құлық табиғатында бар негізді, ынтасындағы 
мақсаттан туған ғамал болуы керек. Қайраткер жаны сол ынта-
сында болады.
Үшінші, ынта тек ынта күйінде яки құмарлық, әуестік 
күйінде қалмай, іске айналса ғана мақсатты қайраттан туған 
ғамал болады. Ынтасына лайық мұраты болса, мұратына жету-
ге істеген жеделді ғамалы болса, сол ғамал мақсатты қайраттан 
туған ғамал болады. Ынта ғамалға айналмаса, ішкі ынта болады 
да қояды. Ісі жоқ құр ынта кәдеге аспайтын бұйым сияқты. Нөл 
сияқты мәні де, мағынасы да жоқ нәрсе оған мән мен мағына 
бел байлап кірісіп, белсеніп істі істей бастағаннан былай қарай 
пайда болады. Ұстасу осы бел байлағаннан басталады. Бел 
байламай, белсенбей тұрғанда, ынта көңілдің күйі ғана, ойла-
ну, толғану ғана болып отырады. Бел байлап іске кіріскен соң, 
толғау қалады, ұстасу басталады. Бір жағында қамалға шапқан 
батыр сияқты қайраткер, бір жағында оның қайратына қарсы 
керме тартып, кедергі қойып, жолын боөгеген табиғат заңы, 
табиғат тағдыры, әлеумет әдеті, әлеумет бөгеті.
Ұстасудың үш дәуірі болады: 1) байланыс, 2) шиеленіс,
3) шешіліс. Ұстасудың бұл үш дәуірі күресу дәуірлері сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет