А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет135/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

8. Күліс. 
Екі түрлі күлкі бар: 1) 
шын күлкі
, 2) 
сын күлкі
. Шын 
күлкі – шаттық үстінде, көңіл хоштанғанда келетін күлкі. Сын 
күлкі – нәрсе көңілге күдікті, ерсі көрінген уақытта келетін 


339
күлкі. Анау көңілдің күйінен тура шығатын күлкі де, күлкілі 
күйді көңілге сын тудырғаннан кейін шығатын күлкі 
күлкілеу 
толғауға қару болатын соңғы түрдегі күлкі.
Адамның арына тию жағынан күлкі сөз бірнеше түрге 
бөлінеді. Адам ауырлайтын да, ауырламайтын да күлкі бар. 
Ауыр күлкінің аты 
мазақ

мысқыл 
болады да, жеңіл күлкінің 
аты 
сықақ, қулық
болады. Ең жеңілі ойын сөз, оны 
әзіл
деп ай-
тамыз.
а) Мазақ қылу біреудің кемшілігін, мінін айтып күлу бола-
ды. Әдебиет жүзінде мазақ қылу кемшілік пен міңді әшкерелеп, 
жұртқа жаю болады. Бұл әлемдеп жұрт алдына өткізумен бір 
есеп іс. Мазақ түрінде күлкінің ауыр болатын себебі осыдан.
ә) 
Мысқылдау
– сөздің өңін теріс айналдырып айту. Олай 
айту 
кекесін 
болады. Кекесін сөз зілді болады. Мысқыл сөздің 
ауыр тиетін себебі осы.
б) Сықақ пен қулық күлкі сөздің, асылында, ауырламайтын 
түрлері. Бұлар ауырлайтын түрге айналса, онда олар 
сықақ
та, 
қулық 
та болмай, мазақ пен мысқылдың бірінің түріне түсіп ке-
теді.
Әзіл
де солай. Зілсіз болса әзіл болады да, зілді болса 
әжуа

келемеж
, мазақ, мысқыл сияқты күлкі түріне айналып кетеді.
Біз күлгенде, әуелі тек күлкі келтіретін нәрсеге күлеміз, 
неден күлкі болып тұрған мәнісін тексермейміз. Себебін тек-
серіп күлгенде, көңілімізді келтірген нәрсе болып шығуы да 
ықтимал, олай-бұлай, қайта қайғыға қалдыратын, ойға баты-
ратын нәрсе болып шығуы да ықтимал. Ақындардың адам 
мініне, кемшілігіне күліп шығарған сөздерін тек күлкі үшін 
шығарған сөз деп қарамасқа керек. Ондай сөздердің көбінің-ақ 
бергі жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, 
қайғыртатын сөз болуы ықтимал 
(Толғау нұсқаларын нұсқалықтың 
198, 275- інші нөмірлерінен қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет