345
алып кетеді де, әуреленістің сүйініші адамның арын кетіріп,
ыза қылып, күйдіреді, күйініші
адамды мәз қылып, күлкісін
келтіреді. Сүйтіп, әуреленістің ұстаушылары ұсақтығымен,
адамшылығы аздығымен адамның адам намысын келтіріп,
арландырады да, әурешілігімен күлкіңді
келтіріп мәз қылып,
көңіліңді көтереді.
Әуреленістің қайраткері әлектеністің адамындай ұлы
мақсатты адам емес,
кемшілігі көп, адамгершілігі жоқ, қара-
пайым қалыпты адамдардың бірі болады.
Оның талас-тарты-
сында ұлы мақсат, үлкен іс болмайды, ұсақ тілек, ептеуден әрі
аспайды. Ондай ұсақ нәрселердің талас-тартысқа айналуы да
қайраткері нашар болып, ұсақ іске де шамасы келмегендіктен
болады. Еп қылмайтын жерге еп жүргіземін деп, сеп керек емес
жерге сеп іздеймін деп, сара істерге амал, айла, қулық,
сұмдық
қыламын деп, босқа арамтер, босқа әуре болады. Сондықтан да
ұстастырудың мұндай түрі әуреленіс деп аталады.
Ұстастыру түріндегі сөздер әрқайсысына түр беретін
қайраткерлеріне қарай сипатталады. Әлектеністің қайраткеріне
тек «қайраткер» деген ат қанша олқы көрінсе, әуреленістің
қайраткеріне «қайраткер» деген ат сонша үлкен көрінеді.
Мұның қайраткері көбінесе сасық пікір, пасық ой, адалдықты
білмейтін, арамдықтан жиренбейтін нашар құлықты, адамгер-
шілігі жоқ, сана саңылауы кем, босқа лаққыш, жоққа нанғыш,
битке
пышақ суырғандай, көздей істі көлдей қылып, босқа
пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін, өнерін жоққа сарп
қылып, арамтер болып, босқа бусанып, босқа біленіп, босқа са-
былатын адам. Мұндай қайраткердің
қайраты босқа жанады,
босқа сөнеді. Сөнгеніне адам күйінбесе, сүйінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: