7. сөгіс толғау.
Өмірдің жамандық жағына ырза бол-
май, мінеп шығарған сөздердің жалпы аты қазақ тілінде жоқ,
сондықтан толғаудың бұл түріне сөгіс толғау деп жаңадан ат
қойылып отыр. Сөгіс толғау жамандықты жариялап, бетке
басу ниетпен шығарылады. Үгіттеуден ұрсу күштірек, жай ай-
тудан ұялту күштірек. Сол мәніспен сөгіс түріндегі сөздер ел
түзеу, құлық тазарту жағына көбірек әсер етеді деп саналады.
Бұрынғы тек үгіт түріндегі сөздердің орнын бірте-бірте сөгіс
толғау алып, өте үгіт түріндегі сөздер жоғалмақшы, бірақ әлі
де сөгіс толғауға ақыл айту, жөн көрсету сияқты сөздер көбірек
қатысып, сөгісінен үгіті басым болып кететіндері көп. Сүйтіп,
толғау болмай, тек ақыл айту болып шығатындары көп бола-
ды. Асылында, таза толғау болатын сөз аз болады. Көбінесе
толғаудың әр түрі араласып отырады. Сондай-ақ, толғауға
толғау емес сөздер де дәйім қатысып, аралас келіп отырады.
Үйткені
ақыл
,
қиял
,
көңіл
деп үшке бөлгенмен, олар бірінің ісі-
не бірі қатыспай тұрмайды.
Жамандық екі түрлі: кешірімді жамандық бар, кешірімсіз
жамаңдық бар. Кешірімді жамандық тек
кемшлік
болады да,
кешірімсіз жамандық
айып
болады. Кешірімді жамандық – тек
білмегендіктен болатын жамандық. Кешірімсіз жамандық
тек біле тұра істелетін жамандық. Толғаушы толғағанда, еке-
уін екі түрлі толғайды. Кешірімсіз жамандықты толғағанда
беті-жүзіне қарамай, айыбын айқын айтып, бетіне басып,
сөгіп толғайды. Айыбын бетіне басып көрсету күйе жағып
көрсетумен бірдей болғандықтан, даттау деп те айтылады.
Кешірімді жамандықты, толғағанда, жамандығын, кемшілігін
айқын айтпай, күлкі түрінде көрсетіп ұялту, арланту ниетпен
338
толғайды. Сондықтан күліс толғау
күлкілеу
,
келемеждеу
болып
шығады. Күлкі қылу әлемдеп көрсетумен бірдей нәрсе, бірақ
көпке жаққан күйе яки таққан әлем, көптің үстінде болған соң,
күшті әсер ете алмайды. Көп ішінде бір адамға жаққан күйе,
таққан әлем күштірек әсер етеді. Сондықтан көпті қандай дат-
тап, сөккенмен, масқаралауға болмайды. Сөзбен жеке адамды
ғана масқаралауға болады.
Ақын залымдықты, надандықты көріп, күйінгенде қандай
күйге түсіп толғайтынын Абайдың төмендегі сөзі көрсетеді:
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса,
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі үшін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуаттан ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атып толғанар.
Әділет пенен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.
Достарыңызбен бөлісу: |