А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет132/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

2. Марқайыс толғауы.
Көңіл шын ырза болып, марқайып 
өскен шақта шығатын
 
сөз
 
марқайыс толғау болады. Көңілдің 
шын өсіп, марқаюы қуанышты ұлы уақиғаның үстінде бола-
ды. Ұлы уақиғалар ұлы адамдардың яки бүтін елдің, халықтың, 
таптың өмірінде де сирек болатындықтан, марқайыс түрлі 
тұлғаларда әдебиет жүзінде аз ұшырайды. Марқайыс орны-
мен айтылса, ұнамды болады. Ұнамсыз айтылса, ерсі көрініп, 
марқайыс әсері болмайды, масқаралық әсері болып шығады.


335
3. налыс толғау.
Әркімнің өмір жүзінде көздеген мұраты 
болады яғни сол мұрат көрген нәрсесінің жолында болады. 
Мұратына жетсе, бақытты болады. Мұратына жетіп, бақытты 
болған шақта да бақыт ұзақ тұрмайды, үйткені бақыттың бо-
луына, болмауына себепкер нәрселер көп, қайғы-қасіретсіз, 
уайымсыз, мұңсыз, қатерсіз, қауіпсіз шаттықпен тыныш өмір 
сүретін адамдар тіпті болмайды. Өмір жолы мұратқа тура 
жүргізбейді. Тура жүргізбесе, көңілге реніш, шер пайда бола-
ды. Сондай өмір жүзіндегі түрлі опасыздық ақынды да ренжі-
теді, мұңайтады. Ықыласын қайтарады. Ренжу, мұңаю, ықылас 
қайту ақынды көңілсіз күйге түсіреді, шерлендіреді. Шерлі 
күйден шыққан сөз мұңды болып шығады. Сондай мұңды, 
шерлі толғаулар налыс толғау деп аталады.
4. намыстаныс.
Намыс толғау басында тайғақ кешу, тар 
жолда, қиыншылық шегіне жетіп, тақалған шақта шығатын сөз. 
Қиын хал нағыз қиын шегіне жеткенде қиын істі істеуге керек 
қылады. Сол қиын істі істеуге көбінің батылы жетпей, намы-
сына тигізіп, қанын қыздырып сөйлеу 
қайрау сөз
деп аталған. 
Сол қайрау сөздің өлеңмен айтылғанын намыс толғауы дейміз. 
Намыс толғау соғыс кезінде соғысқа түсіру үшін яғни не өліп, 
не өлтіріп шығатын өлім жолына айдаған жерде айтқан.
Қазақ патшаға қарамай, басы бос тұрған кезінде түрлі 
жұрттармен соғысқан шағы болған. Ол кезде қазақ намыс 
толғаулары азаматтың намысын қоздырып, қанын қыздырып
соғысқа айдау үшін айтылған. Сондықтан намыс толғау 
түріндегі сөздер батырлар жырында (ертегі жырларда) көп 
ұшырайды. Қазақ орыс патшасына қарап басы байланған соң, 
соғыс болмаған, соғыс болмаған соң, соғыста айтылатын на-
мыс толғаулар да жоғалған. Бірақ намыс толғау айтылатын 
соғыс болмағанмен, соғысқа бара-бара ер басына қиыншылық 
түсетін басқа істерге айтылатын қайрау сөздер де намыс толғау 
табына кіреді. Мәселен, бағындырған патшадан басын боса-
тып алу – жұртқа соғыспен бірдей дәрежелі қиын іс. Сондай 
іске қайрау мақсатпен айтылған өлең о да намыс толғауы бола-
ды, сондықтан «Интернационал» өлеңі сияқты, «Асау тұлпар» 
кітабындағы «Жолдастар» деген өлең сияқты, «Масадағы», 
«Оян, қазақ!» кітабындағы кейбір өлеңдер сияқты сөздер 
намыс толғау болады. Бірақ намыс толғауының асыл түбі 
өте қиыншылық орында шыққан сөз болғандықтан, шын 
қиыншылық орында айтылса ғана шын намыс толғауы болады. 


336
Не жайбарақат орында айтылған намыс толғаудың сөзі ұқсаса 
да, өзі болып шықпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет