А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет129/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

3. әуезе жыры.
Қазақтың ерте заманда ерлік қылған 
адамдарының ерлігін, батырлығын жыр қылып шығарған сөзде 
ертек жыр
деп аталатыны жоғарыда анайы әдебиет туралы сөз 
болғанда айтылып еді. Нақ сондай болмағанмен, соған ұқсас 
сөздер ділмар әдебиетте де болады. Ұлт өмірінде болған, ұлт 
тарихына жазылған яки халық аузында әуезе болып айтылып 
жүрген уақиғаны алып яки уақиғада халықтың өткен қайратын, 
азаматтың көрсеткен өнерін, жігерін, ерлігін, намысқорлығын 
яки адамшылығын әдемі түрде әсерлі сөзбен жыр
 
қылып шығару 
бар. Сыпайы әдебиеттің сол сияқты шығармалары әуезе жыр 
деп аталады. Мұнда қара күші мол батырлардың орнына басқа 
түрлі ерлер, басқа түрлі қайраткерлер уақиғаның ортасында 
жүреді. Ертек жырда күші көп батырлардың ісі өнеге болса
әуезе жырда өнер, білім, қайрат, жігер сияқты сипаттарымен 
көзге түскен адамдардың ғамалдары өнеге болады. Мұнда да 
уақиғадағы істерге өзінше өң бере, көркейте айту бар, бірақ өте 
көпіртіп дәріптеу жоқ. Әуезе жырдағы көркейтуге уақиғаның 


331
да, адамның да жақсы жағын алуға болады. Онда да уақиғасы 
да, адамы да көркейтуді көтергенше ғана көркейтіледі. Әуезе 
жыр ақын тарапынан ұлттың ұлы адамына сөзден жасалған 
жәдігер есебіндегі нәрсе.
Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы 
сол, тарихи жырдағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген 
сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды. 
Олай етпесе, тарихшылар тарихты білмегендіктен иә қате 
түсінгендіктен, тарих мағлұматын бұзып отыр деп кінәлайды. 
Әуезе жырды шығарушының қиялы еркін болады. Тарих 
мағлұматы сияқты арнасынан шығармай қайырып, иіріп оты-
ратын мұнда бөгет жоқ. Бұған қоятын шек жалғыз-ақ, алған 
уақиға мен адам көркейтуді көтеру, көтермеуі. Көркейтуді 
көтермейтін уақиғамен адамды көркейтіп жіберсе, өтірік бо-
лып шығады.
Әуезе жыр әдемі сөздің түрі болғандықтан, әдемілеу әдісінің 
бәрі де істеледі. Көріктеу, меңзеу, әсерлеу түрлерінің бәрі де 
жұмсалады.
Әуезе жыр мысалдары: Мұқамбетжанның «Топжарғаны», 
Шәкәрімнің «Жолсыз жазасы», «Қалқаман–Мамыры», Мағ- 
жанның «Баян батыры» сияқты сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет