Қостанай облысы
Науырзым ауданы
Шилі орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Досмагамбетова К.Н.
1
|
Сабақтың тақырыбы
|
Туған жер
|
2
|
Сабақтың мақсаты
|
Туған жердің қасиетін ұғынулары керек, өлең жолдарын талдап, патроиттық сезім болу керек
|
3
|
Оқу нәтижелері
|
Туған жер тақырыбы бойынша жас ұрпақтың патриоттық , отаншыл сезімін оята отырып туған жердің қасиетін түсінеді. Оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын дамыту үшін мақалдарды қолдану
|
|
Түйінді идеялар
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер-еліне деген сүйіспеншілік ояту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – өлеңді талдап қортындылау, өз сөзімен түсіндіру,талантты және дарынды – шығармашылыққа баулу
|
|
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
|
Ой шақыру – Отан, туған жер туралы өз ойларын айтқызу, топпен жұмыс – топқа бөлініп мазмұнын түсіну, жұппен жұмыс- диалог құру, тренринг өткізу- бойларын сергітіп, көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық жұмыс-мақалдар мен қанатты сөздерді аяқтау, ой толғаныс – сұрақтар арқылы, қортындылап бағалау
|
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс – әрекеті
|
5 мин
|
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Топ ережесін есте ұстау
Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Осы жүрек саған ұнады ма?
Саған өзің туралы тілек ұнады ма?
Тілектерді, жылы сөздерді неге жүрекке орналастырдық
|
Гүл суреттері арқылы топқа бөліну
Топтарына ат қою ұранын ойластыру
1.Біреу сөйлегенде қалғандары тыңдайды.
2.Тіл табыса білу
3.Өз ой-пікіріңді айт
4.Топ мүшелерін сыйлау
Сынып жүрегі
Оқушылар тілек жазады, атын жазады. Содан соң оқушылардың аттары жазылған бір парақтан бір оқушы біреуін суырып алады. Кімнің аты жазылса , жүрек сол баланікі болады. Тілектер жазылған қағазды 1 жүрекке жабыстырамыз сол баланың атын жүрекке жазамыз
|
5мин
|
Үй жұмысын тексеру
|
Қос Пырақ қандай елдерді аралапты?
Қыран олардан не деп сұрайды?
Пырақ не деп жауап береді?
Мәтіндегі мақалдарда не туралы айтылады?
|
3мин
|
1.Қызығушылығын ояту
(ынтымақтастық атмосферасы)
Балалар осындай байтақ елімізде бізге не ортақ?
|
«Бізге не ортақ?» ойыны топ болып не ортақ екенін дәлелдейді ( жер,ауыл,күн,аспан, дүкен, мектеп)
Мағынасын түсіндіру
Бүгінгі сабақтың мақсатын ашу
|
3мин
|
СТО
2.Ой шақыру
«туған жер»сөзіне кластер құру
|
Туған жер
Ата-анасы туған жердің түтіні
өскен жері табиғат құбылыстары
әр топ жеке талдау
|
2мин
5мин
3мин
3мин
2мин
10мин
|
АКТ
Интербелді тақта
Жаңа сабақ: -
Әрбір адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді, туған елдің құдіреттілігі соншалықты, жаныңды баурап алады.
Мұғалімнің түсіндіруі: а) Қ. Аманжолов атамыздың «Туған жер» өлеңімен танысамыз
Өлеңді мәнерлеп
(мұғалімнің оқуы )
Ой бөлісу
сто
Диалог
Дарынды, талантты оқушылармен жұмыс
Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс
Топпен жұмыс
|
Өмірімен таныстыру Қ. Аманжолов – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ- даңқы кең жайылған Қ. Аманжолов (1911 - 1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді.
Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды.
Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата ананы, достық пен махабатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлады.
Өлеңді оқу
* Іштей оқу
* топтағы оқушылар 1 шумақтан топ ішінде оқиды.
Ақынның көңіл –күйі, туған жерге деген сезімі қай жолдарда берілген?
Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?
Өлең шумағына қарап сөзжұмбақ шешу
Мақалдың жалғасын табу
Постермен жұмыс
Сөзжұмбақ шешу
Эссе жазу
|
3мин
|
Пікір талас
-Әрбір елін, жерін сүйген азамат «Туған жерім тамаша» деп тебірініспен айтады. Осыған өз пікірлеріңді айтыңдаршы
|
Өз пікірлерін жазу стикерге жазу
|
5мин
|
Бағалау
|
Адамдар –ауылдың басты байлығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Ауылдың көркейіп , тұрмысының жақсаруы үшін не істеу керек?
Смайлик арқылы өзін-өзі бағалау
|
Сауат ашу 1-сынып
Сабақтың тақырыбы
|
Ақын тілегі (М.Әуезов)
|
Сілтеме
|
ана тілі 1-сынып «Атамұра»
Power Point бағдарламасы
|
Жалпы мақсаттар
|
Бас әріппен жазылатын сөздерді білу. Тақырып бойынша оқушыларға Абай атамыз туралы мағлұмат беру. Әңгіменің негізгі идеясын ашу арқылы сөйлеу риторикасын әсемдету.
|
Оқыту нәтижесі
|
Оқушылар білімді өз әрекеттерінен алады. Берілетін білімнің ең түйіндісін таңдап алуға үйренеді. Топпен жұмыс істеп жаттығады.
|
Негізгі идеялар
|
Әңгіменің мазмұнын, идеясын түсініп, алған білімін өмірде қолдана білу.
|
Тапсырмалар
|
Үй тапсырмасын сұрау, топпен жұмыс, сыни тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту, көшбасшысын анықтау,бағалау
|
Деректер және жабдықтар
|
АКТ, оқулық, дәптер, топ ережесі, стикер, флипчарт, құралдар
|
Кейінгі тапсырмалар
|
Оқушылардың сабаққа берген бағасы
Сабақта түсірілген бейне баспаны қарап, сабағымды талдау
Өзгерістерді бағалау
|
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
10 мин
|
Ұйымдастыру
Қызығушылығын ояту
-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
-Табиғатқа қандай өзгерістер болып жатыр?
-Жыл құстарын қарсы алып топпен жұмыс жасаймыз
Топқа бөліну(сурет арқылы)
|
-Көктем (жазғытұрым)
-Қар еріп, күн жылына бастады. Жылы жақтан құстар туған жерге оралуда.
«Қарлығаштар» «Көгершіндер»
Топ ережесін құру
1.Біреу сөйлегенде қалғандары тыңдайды.
2.Тіл табыса білу
3. Өз ой-пікіріңді айт
4. Топ мүшелерін сыйлау
Топ ережесін есте ұстау
|
Үй жұмысын тексеру
-Осы мәтіннен қандай мақал-мәтелдер еске түседі?
-Осы мәтіннің негізгі ойы неде?
-Сонымен балалар құмырсқа, өрмекші, қарлығаштар қандай екен?
|
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Топпен жұмыс
(еңбек туралы мақалдар)
-Дұрыс, еңбексүйгіштікте
-Еңбекқор, адамға пайдалары бар
( дәлелдейді)
|
АКТ
Ой шақыру
Электронды оқулықтан тыңдау
-Бұл кімнің өлеңі?
|
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан
-Абай Құнанбаев
|
20 мин
|
Мағынаны ашу
АКТ
Интербелді тақтадан
|
Абай Құнанбаев суреті
|
|
Жаңа білімді меңгерту –Балалар , бүгін сабақта М.Әуезовтың «Ақын тілегі» атты әңгімесімен танысамыз. М. Әуезов жайлы айту.
-Балалар , сендер «Ақын тілегі» дегендегі ақын және тілек дегенді қалай түсінесіңдер?
|
«Қарлығаштар » тобы «Көгершіндер»
ақын тілек
сөздерінің түсінігіне балалардың жауаптары
мақсаты : Балалардың сөздік қорларын дамыту
|
-Олай болса бұл әңгімеден біз Абай атамыздың балалық шағы туралы оқып білеміз
Абай Құнанбаев 1845 ж.Семей облысында дүниеге келген. Анасы Ұлжан ақылды кісі болған. Абай Зере әжесінің тәрбиесінде болған. Абай қазақ халқының ұлы ақыны. Абай кішкентайынан әжесінен қызықты әңгімелерді көп естіген. Абай 12 жасынан өлең жазған. Табиғаттың 4 жыл мезгіліне арнаған өлеңдері де бар.
Әңгіменің мазмұнын айту
Бұл әңгімеде кішкентай бала Абайдың үйіне Барлас пен Байкөкше деген ақындар қонаққа келеді. Олар Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты ырза болып , шын сүйсінеді. Сөйтіп олар Абайға тақпақтап бата береді.
|
Мәтінмен жұмыс
Балалар, осы әңгімені түсініп оқып, ондағы негізгі ойды табамыз.
|
Балалардың кезектесіп дауыстап оқуы
-Шырағым, ержетерсің,
Ержетсең, сірә, нетерсің?
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң, шыңға жетерсің
|
Түртіп алу
(таныс емес сөзді тауып алу)
|
Салмақ салып- көндіріп
|
Көңіл ашар сәті
|
Музыкамен қимылды сәттер
|
Дәптермен жұмыс
|
Мәтіннен кісі аттарын теріп жазу. Абай сөзіне сөйлем құрап жазу.
|
15 мин
|
Ой толғаныс
Дөңгелек үстел
|
«Қарлығаштар» тобына
-Абай ауылына келген кімдер еді?
-Абайға Барлас ақын қандай тілек айтты?
«Көгершіндер тобына»
-Абай ақындардан не үйренді?
-Абай өскенде кім болды?
|
Постер қорғау
|
«Қарлығаштар» тобы көктем мезгіліне сурет салу
«Көгершіндер» тобы көктем мезгіліне өлең құрастыру
|
Рефлексия
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады
|
Бағалау
|
Оқушылар топпен бірін-бірі бағалайды
|
|
Үйге тапсырма
|
Бата жаттап келу
|
Әдебиеттік оқу
1
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жусан иісі
|
2
|
Сабақтың мақсаты
|
Туған жердің қасиетін ұғынулары арқылы мәтінге мағыналық талдау жүргізе отырып өз бетімен қортынды шығару дағдыларын дамыту, төзімділікке , жігерлілікке тәрбиелеу.
|
3
|
Оқу нәтижелері
|
Оқушылар өз іс-әрекеттерімен берілетін білімнің ең түйіндісін таңдап алуға үйренеді.
|
4
|
Түйінді идеялар
|
Әңгіменің мазмұнын, идеясын түсініп, алған білімін өмірде қолдана білу.
|
5
|
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
|
Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, талдау
|
6
|
Техникалық құралдар
|
Интербелді тақта, компьютер
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын тексеру.Балалар біз бір –бірімізге қарасақ қандаймыз?(балалар жауабы)
Білімді, жігерлі, қайратты ....
Қызығушылығын ояту
Ия, балалар, біз сондаймыз өйткені біздің өміріміз бақытты. Қазірден осындай бақытты өмірде білімді, жігерлі, қайратты болып ана тілді байыптап оқысаңдар, ана тілі - біздің тарихымыз, әдебиетіміз, мәдениетіміз. Оларды терең білу - міндеттерің. Аталған көңіл –күйге байланысты топқа бөлініп отыру.
1 топ «Білім» 2-« Жігер» 3 топ «Қайрат»
(Топ басшысын сайлау, ережесін есте сақтау, топ басшысына бағалау критерийлерін беру.)
Үй жұмысын тексеру. Әр топ берілген өз жұмыстарын ортаға салады.
1-топ: Әңгіме кім жөнінде жазылған? Бородиноға кімдер келді? .
2-топ: Әңгімені баяндап отырған кім? Ол Төлегенге не берді?
3-топ: Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді?
Төлеген Тоқтаров кім?
- Бұл майдандағы жағдай. Осы кезде ауылдағы жағдай қандай болды? Осы туралы пікірлеріңді жаза қойыңдар.
Топта талдайды, әр топтан жекелеген оқушы пікірін білдіреді.
Мағынаны ашу Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз -"Жусан иісі". Қазақтың кең даласында жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде-кем болар. Өйткені жерімізде жусан өте көп және 81 түрі кездеседі екен. ( слайд арқылы көрсету ) Автормен таныстыру» Сайын Мұратбеков . (слайд арқылы)
Оқулықпен жұмыс Әңгімені ІІІ топ үш бөлікке бөліп оқыту, топта талдайды. Топтың ұйғаруымен әр топтан бір оқушы өз ойын ортаға салады.
Сөздікпен жұмыс:
Аңызақ жел - тым жылы әрі құрғақ жел.
Ышқыр қалта - шалбардың беліндегі ішкі қалта.
Сонымен Аян қандай бала?
Постермен жұмыс
1 -топ: Ұлы Отан соғысы кезіндегі көрінісі
2-топ:Аянға хат жазу
3-топ:Қазіргі бейбіт күн.
Әр топ берілген тапсырманы флипчартта орындап, қорғайды.
Осы әңгіменің авторы Сайын Мұратбековтың өмірі осы Аянмен сол кезде бірге болған тағдыры өте ұқсас. Расында да, 5 жасында әкесі соғысқа кетіп, 6 жасында анасынан жазушы айрылған екен.
Жоспар құру:
1. Аянға келген қаралы қағаз
2. Аянның қорадағы кейпі
3. Аянның балалар үйіне кетуі
4. Аянды еске алу
5. Жусан иісі
Ой толғаныс. Сұрақтар:
1. Бұл қай кезде болған оқиға?
2. Ұлы Отан соғысы балалардың өміріне қалай әсер етті?
3. Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?
4. Неге көрсетіп жыламады?
5. Балалардың Аян кеткеннен кейінгі көңіл-күйі қандай болды?
Біздің күнделікті өмірімізде көңілді, қуанышты, күлкілі болады. Ал бүгінгі әңгімеде Аянның балалық өмірінде ондай қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы болды. Сондықтан Аянның тағдырын аямаған, сезінбеген адам болмаған шығар дей отырып
әңгімені әр топ өз ойынша қалай аяқтар едіңдер? Аян бұл күні қайда болуы мүмкін? (слайд)
Аянның протитеті Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Тыматай апа.
Рефлексия . Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.
Сабақ ұнады ма? Қандай тапсырманы орындаған ұнады? Қандай тапсырманы орындағанда қиындық келтірді?
Ән « Біз бақытты балдырған»
Үйге тапсырма. Әңгімені оқу , мазмұны (сипаттау).
Бағалау.Сабақ барысында топ басшысына бағалау критерийлері берілген сол бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |