А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет121/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

ДінДАр ДәУірі
Діндар дәуір 
ауыз әдебиет
түріне түр қосып жарытқан жоқ. 
Анайы әдебиеттегі шығармалардың түрлерінен діншілдігімен 
айырылмаса, айрықша түр-тұрпатымен айырыла қоймайды. 
Діндар жағының басымдығымен айырылатын түрлері мынау: 
қисса, хикаят, мысал, насихат (үгіт), мінәжат, мақтау, даттау, 
айтыс, толғау, терме. Бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндап, 
мысал келтіріп, сыр-сипатын көрсетіп өтейік.
1.
 
Қисса 
– өлеңмен жазылған, көбінесе діндар әңгімелер. Бұл 
әңгімелер қазақ тұрмысынан сөздер емес, басқа жұрттардың 
ертектері. Мазмұнына қарағанда қисса екі түрлі:
а) Дінді қасиеттеу үшін мұсылман дінінің артықтығын, 
асылдығын халықтың құлағына сіңіріп, көңіліне қондыру 
мақсатымен шығарған қиссалар. Бұлар кәпірлермен соғысқанда 
Құдай қолдап, мұсылманның жеңгендерін, кәпірлердің дінге 
енгендігін сөйлеп өтеді. 
ә) Шариғат бұйрықтарын орнына келтірмеген адамдардың 
өмірінен де мысал келтіріп, келтіргенге не болғанын, келтір-
мегенге не болғанын көрсетіп, елге шариғат бұйрығын істеу 
мақсатпен шығарған қиссалар. Мұндай қиссаларды өлеңшілікті 
тіленшілікке айналдырып жіберген ақындар, жыршылар 
сияқты Алланы азыққа, тамаққа айналдырып жіберген молда-
лар шығарған: зекет, ғұшыр, пітір, бедие сияқты нәрселердің 
берілетін орнын айтпайды, беру керектігін айтып зарлайды 
(берсе, кімге беретінін айтушылар өзі біледі).
Бастапқы түрлі қиссалар «Зарқұм», «Сал-сал», «Сейфул 
Мәлік» сияқты ұзақ келеді. Соңғы түрлі қиссалар «Мұса мен 
Қарынбай», «Жұм-Жұма» сияқты қысқа келеді. Ұзақ қисса- 
лардың мазмұнын айтып, мысал үшін көрсетуге көп орын ала-
ды, сондықтан қысқа қиссалардың бірінің мазмұнымен ғана 
таныстырып өтейік.
Мәселен, алайық «Мұса мен Қарынбай» қиссасын. Шыға- 
рушы Жүсіпбек Шайхыісләмұлы. Бұл қисса не мақсатпен 
жазылғаны қиссаның мазмұнынан, жазушының бастау сөзі мен 
аяқтау сөзінен де көрініп тұр. Бастамасындағы сөздің түрлері 
мынау:
Жарандар, бұл сөзіме құлағың сал: 
Аузымнан шыққан сөзім шекер мен бал. 
Өзім білген кітаптан оқып көрдім, 
Жарандар, арам дейді зекетсіз мал.


309
Малайы құдіреті көп паруардегер, 
Құдайға жақсы пенде құлдық қылар. 
Малыңнан қайыр, зекет бермей өтсең, 
Ақыретте қарныңнан тас шығарар.
Қиссаның қысқаша мазмұны мынау: Қарынбайға зекет бер-
гіз деп Құдайдан Мұсаға әмір келеді. Мұса Қарынбайға барады. 
Қарын малы сөзсіз көп бола тұрып, Мұсаға мал союға қимай, 
мысық сойып, алдына әкеліп қояды.
Мұса «мыш-мыш» дегенде, табақтағы ет мысық болып 
тұра келеді. Қарынға қатты ашуланады, бірақ «малыңнан зе-
кет берсең, мысық сойған күнәңді кешемін»,– дейді. Қарын: 
«Саған зекет беретін қолайлы малым жоқ»,– дейді. «Зекет 
бермесең, жер жұтсын!»,– деп, ақырында періштелер келіп, 
жер кіндігін тартады. Жер тартып, Қарын белуарынан кіреді. 
Мұса қолынан ұстап тұрып: «Зекет бересің бе?»,– деп сұрайды. 
Қарын: «Өлтірссң де бермеймін»,– дейді. Мұса: «Тарт, тағы!» – 
деп әмір еткенде, Қарын жерге иегінен енеді. «Зекет бермесең, 
Құдай жүзін көрмейсің, малың шаян болып шығады. Жаһаннам 
түбіне кетесің»,– деп Мұса үгіттесе де, Қарын болмайды. 
«Өлтірсең өлтіре бер, бірақ мал бер деген сөзді аузыңа алма!»,– 
дейді. Мұса: «Өз обалың өзіңе, бар!» дегенде, Қарынды мал-
мүлкімен жер тартады. Сол күйі мал-мүлкімен әлі күнге дейіп 
Қарын жерге жұтылумен барады дейді. Қиссаның аяғында жа-
зушы былай деп тағы үгіттейді:
Әй, мұсылман жарандар
Малыңнан зекет беріңіз! 
Бірлігін хақтың біліңіз! 
Хақ жолымен жүріңіз! 
Пәк болады дініңіз. 
Бұ дүниенің, жарандар, 
Сағатындай болмайды 
Ақыретте күніңіз.
Әй, жамағаттар, жарандар!
Сөзіме құлақ салыңыз!
Жақсыдан ғибрат алыңыз!
Арам болар, жарандар,
Зекетсіз жиған малыңыз.
Шариғаттан сөз айтқан
Молданың тілін алыңыз!


310
Құдай берген таусылмас, 
Өлшеп берген дәміңіз.
......................................
Бұл сияқты сөздердің мақсаты айқын болғандықтан, көп сөз 
қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы көп, үйткені зекет 
берсе, молдаға беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны көп, 
әсіресе тілге келтіретін зияны есепсіз.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет