А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет119/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

Құрт шақыру. 
Тісі ауырған адамнын тісін құрт жейді деп, 
сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. 
Сол құрт шақыру сөздері деп аталады. 
М ы с а л д а р:
Тойғын-тойғын түйе кел, 
Төңірегін жия кел! 
Ақ желегін сала кел! 
Ағайыныңды ала кел!
Сарбас тұйғын, күйіт, күйіт! 
Қара бас тұйғын, күйіт, күйіт! 
Жайлаған жерді жау алды, 
Қыстаған жерді өрт алды.
Жайлаған жерден қашып кел! 
Жайнаған жауды басып кел! 
Қыстаған жерден қашып кел! 
Қаптаған жауды басып кел!
Жетер-жетер, күйт, күйіт! 
Басар-басар, күйіт, күйіт!
Арқадағы алты құрт
Арқаласып келер құрт. 
Желкедегі жеті құрт, 
Желкелесіп келер құрт. 
Ауыздағы алты құрт, 
Азуласып келер құрт. 
Басар, басар, кә, кә! 
Басып келер, кә, кә! 
Жетер-жетер, кә, кә! 
Тұйғын-тұйғын, кә, кә!
Түйінсеп келер, кә, кә!
Дерт көшіру.
Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда бо-
латын күлапсан деген ауруды қазақта өлеңмен емдеу бар. Бәдік 


303
болған малды, күлапсан болған адамды ортаға ала қоршай 
отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып, «Көш! Көш!» деп, 
анда-санда айқайлап қояды. Өлеңдері онша көркем болмайды. 
Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік 
пен күлапсан өлеңі бір мазмұнды болады. 
М ы с а л д а р:
Айтамын айт дегеннен, айда күлап! 
Жыландай сүйегі жоқ майда күлап! 
Күләбі бұл баланың аяғында
Болмаса аяғында, қайда күлап?
Күлапсан бұл баланың көзінде еді, 
Көмекей көзінде емес, безінде еді. 
Бір қиял айтпайын деп ойлап едім, 
Бұл бала өлемін деп безілдеді. 
Күлапсан, көшер болсаң, қалаға көш!
Қаланың іші толған шанаға көш! 
Таппасаң онан жайлау, мен айтайын
Қалада көзі шегір балаға көш!
Күлап құрғыр деген соң, күлап құрғыр! 
Шоңқайып жол үстінде ома тұрғыр! 
Жеріне ома тұрған жасыл түсіп, 
Оқ өтіп, тас төбеңнен Құдай ұрғыр! 
Ұшына орамалым түйдім тары, 
Кетпейді жаз да болса таудың қары. 
Көш! Көш! – деп біз кетелік, жүр! 
Кетелік! Күлаптың көшіп кетсін қалмай бәрі.
 (Жиенғали жиғаннан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет