289
3.
Ақыр заман адамы аласа туады,
Аласа туса да, тамаша туады.
Қулық, сұмдық ойлай туады,
Жамандыққа бойлай туады.
Итере салсаң, жығыла кетеді,
Тұра сала жармаса кетеді.
Ішсе, бозаға тоймайды,
Боқтап, түгіңді қоймайды.
4. Дауыл болмай, жауын болмас,
Жауын болмай, қауын болмас,
Ит
баласы сауын болмас,
Екі дау адағы ауыл болмас,
Ауыл болса да тәуір болмас.
Өзіңнен тумай, ұл болмас,
Сатып алмай, құл болмас.
5. Киікті құралай бүлдірер,
Елді дүрегей бүлдірер.
Текті жігіт тек жүрер,
Текелі киік жай жүрер.
Мақал.
Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес
айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді.
М ы с а л д а р:
Мал – жаным садағасы, жан – арым садағасы.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
Әкім адал болмаса, халық бұзылар;
сауда адал болмаса,
нарық бұзылар.
Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп
жүріп.
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес.
Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алады, алтау ала болса,
ауыздағы кетеді.
290
Айбар керек әл керек, әлсіз айбар не керек.
Денсаулық – зор байлық.
Ауру қалса да, әдет қалмайды.
Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, өшер елдің жігіті
бірін-бірі қатын дер.
Ұрлық түбі – қорлық.
Қойшы көп болса, қой арам өлер.
Шірікке шыбын айналар.
Көрмес түйені көрмес.
Битке пышақ суырма.
Бас білген өгізге өк деген өлім.
Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер.
Жаз арбаңды сайла, қыс шанаңды сайла.
Ел қыдырған сыншы, тоғай аралаған үйші.
Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес
жамандар сөзді өзіне келтірер.
Көре-көре
көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.
Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон сыйлы.
Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды.
Мәтел.
Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айты-
латын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады,
бірақ мақал тәжірибеден шыққан қақиқат түрінде айтылады.
Мәтел
қақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтыла-
ды.
М ы с а л д а р:
Өзі тойса да, көзі тоймайды.
Көппен көрген ұлы той.
Адасқан қаздай, рудан аздай.
Тамақ тоқ, көйлек көк, уайым жоқ.
Өткен өрен, қалған салауат.
Бұйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай яки мұрнын
тескен тайлақтай.
Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
291
Жығылған үстіне жұдырық.
Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алма-
ды.
Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!
Келін айғыр, кемпір саяқ шықты.
Баланың
сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей.
Бәйбіше – Құдай бұйрығы, тоқал – иттің құйрығы.
Қызым үйде, қылығы түзде.
Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір.
Ай мен күндей, әлемге бірдей.
Бай кісі бақырып бола ма?
Көзінің жасы көл болды.
Барымен базар, жоқты қайдан қазар?
Көшсе – көш қасындамыз, отырса – от басындамыз.
Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.
Дерт батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
Арғымақты жамандап, кәне, тұлпар тапқаның?! Ағайынды
жамандап, кәне, туған тапқаның?!
(Салт сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың
91, 119-нші нөмірлерінен қара)
Достарыңызбен бөлісу: