А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет66/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

4. Дамыту.
Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы 
сөзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады. Әншейін сөйле- 
генде дамытудың мысалы мынау:
1. Бар! Жүгір! Ұш!
2. Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен 
«жүгір» деген күштірек, «жүгір» дегеннен «ұш» деген күштірек. 
Екінші мысалда «он рет айттым» дегеннен «жүз рет айттым» 
деген күштірек, «жүз рет айттым» дегеннен «мың рет айттым» 
деген күштірек. Дамыту негізі сөздің осы табиғи заңына тіре-
леді. Сөз шығарушылар да сөздің осы табиғи заңымен пайда-
ланып, керекті жерінде сөзін бірден-бірге күшейтеді.
М ы с а л д а р:
1. Халықты қаңсылату – обал, халықты зар жылату – мей-
ірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік.
2. Шынымен Қобылан шу деді, 
Құбылып Бурыл гуледі. 
Аманбайдың ақ тігін 
Аса қарғып жөнелді. 
Қарсы келген қабақтан 
Қарғып асып жөнелді. 


197
Сеңгір-сеңгір таулардан 
Секіріп асып жөнелді.
.........................................
3. Арандай аузын ашады, 
Аяғын топтап басады. 
Жүні судай тасады 
Бір төбенің тозаңын 
Бір төбеге қосады. 
Кешке таман Тайбурыл 
Жын қаққанға ұқсады. 
Құлан менен құлжаның 
Марал менен бұғының 
Ұзатпай алдын тосады. 
Көл жағалай отырған 
Көкқұтан мен қарабай 
Көтеріліп ұшқанша 
Белінен келіп басады.
(Қобыланды батыр)
4. Іші ылас, сырты таза залымдардың 
Алданып құр сыртының тазасына,
Мәз болып байғазы алған балаларша,
Сатылып жылтыраған танасына
Әбілдің зияратын аттап өтіп, 
Қабылдың бата қылмай моласына.
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып Дажалдың пұтханасына, 
Ес кетіп, сабыр қалмай сасқалақтап
Зорыққаннан көзің сыймай шарасына. 
Ұмытып Құдайды да, Құранды да 
Бас ұрма, Лат-Манат ағашына.
 («Маса»)
5. Әлде мен бабың тауып бақпадым ба? 
Болмаса жемнен қысып сақтадым ба? 
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе? 
Жібектен тізгініңді тақпадым ба? 
Малдырып сап алтынға үзеңгіңді, 
Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
 («Маса»)


198
V.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет