А. Байтурсынов 1-том final indd


іі. тіл (лҰғАт) әУезДіліГі



Pdf көрінісі
бет68/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

іі. тіл (лҰғАт) әУезДіліГі
әуезділіктің жалпы шарттары
Сөз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыс-
тары жағымды да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сөздің 
дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралу сияқты, 
сөйлеудің ішіндегі сөздер де құлаққа жағымды-жағымсыз бо-
лып құралады.
Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сөз турасында 
айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды 
болып естілуін айтамыз; сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу ішін-
дегі сөйлемдерінің үндері құлаққа жағымды болып естілуін ай-
тамыз. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы – дыбыстарының 
тізілу түрінен. Сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы 
сөйлемдерінің тізілуі түрінен, сондықтан сөз әуезділігі де бо-
лады, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің 
де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына 
қарайды. Дауыс ағымы сөз ішінде дыбыстарының тіркесуіне 
қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдерінің тіркесуіне қарайды. 
Сөз ішінде дауысты-дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар ара-
ласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты дыбыстар көп келеді. 
Бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді. Дауысты дыбыстар 
көп келген сөз үнді болады, дауыссыз дыбыстар көп келген 
сөз үнсіз болып шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың 
да кейінің үні аз, мәселен (ұ), (ү), (і). Сөз ішінде бұлар көп 
келгенде де сөздің үні кем болып шығады және де кей сөздің 
ішінде қай дыбысы да болса көп келеді де, кей сөздің ішінде 
аз келеді. Сөз әуезділігі жағынан мұның да мәні көп болады. 
Әуезді сөз бен әуезсіз сөздің парқын мынадан байқауға бо-
лады. «Шамалы» деген сөзбен «шанышқы» деген екі сөздің 
құлаққа қайсысы жағымды? Әрине «шамалы» жағымды болып 
тұрғаны: 1) ішіндегі дыбыстардың бірі дауыссыз болғанда
екіншісі дауысты болып, реттеліп келіп тұрғанынан. 2) Дау-
ысты дыбыстар ішінде көп болғандықтан сөздің үнді болып 
шыққанынан. «Шанышқы» деген сөзде: 1) дыбыстар реттеліп, 
бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған 
жоқ. 2) Дауысты дыбыстары аз, сондықтан мұның үні жатық 
емес, мол да емес. Үні кем және жатық болмаған соң құлаққа 
жағымсыз болып естіліп тұр.


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет