Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» - өзін-өзі бақылау тәсілдерін кезең-кезеңмен оқыту;
- өзін-өзі бақылау іскерлігін қалыптастыруға бағытталған
тапсырмалар жиынтығын пайдалану;
- теориялық материалды меңгеруді бағалай білуді қалыптастыру;
- практикалық дағдыларды және олардың өзін-өзі бағалауын
меңгеру, бұл білім сапасын арттыруға ықпал етеді [1].
Өзін-өзі бағалаудың негізгі құралдары өзін-өзі бақылау,
өзін-өзі талдау, өзіндік есеп беру, салыстыру болып табылады.
Осының негізінде жеке тұлға өзін, өзінің мүмкіндіктерін,
қасиеттерін, адамдар арасындағы өз орнын бағалайды. Өзін-өзі
бағалау адамда рефлексияның дамуына, сыншылдыққа, өзіне және
айналасындағыларға қойылатын талаптарға байланысты.
Оқушы өзін екі тәсілмен бағалайды;
1) өзінің талаптарының деңгейін өз қызметінің объективті
нәтижелерімен салыстыру арқылы;
2) өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы. Талап ету деңгейі
неғұрлым жоғары болса, оларды қанағаттандыру соғұрлым қиын.
Болжамды-ынталандыру кезеңінде мұғалім бірінші кезекте
үй тапсырмасының орындалуына және өзін-өзі бағалауды
ұйымдастырады. Оқушылармен, өзін объективті бағалай білудің
мәні туралы алдын ала әңгіме жүргізу қажет. Бағалау олардың салған
еңбегінің сапасы мен санына да, еңбектің нәтижесіне де барабар
болуы тиіс. Өзін-өзі бағалауды төмендетуге болмайтынын есте ұстау
керек. Бұл жағдайда өзінің қабілеттерін белгілі бір жұмыста көбірек
іске асыра алатындығын сезінетін, бірақ өз күштеріне сенімсіз адам
қалыптасады. Ол белгілі істі жасай алатынына сенімді бола тұра,
алайда оны байқамайды және ол атқара алатын үлкен жауапты
жұмыс тапсырылмайды. Мұндай адамдар ұжымдағы жағдайын
ерекше сезінеді [2].
Өзін-өзі бағалауды асыра да, төменде де бағалауға болмайды
деген қорытынды жасаймыз. Оқушы еңбегін талдау кезінде мұғалім
мектепте оқушыларға өзін бағалауды үйрету керек. Осындай
әңгімеден кейін мұғалім балаларға «Қазір біз үй тапсырмасының
дұрыстығын тексереміз, өзіңдеріңізге баға беріңіз» деп айтуы тиіс.
Орта мектепте химияны оқыту кезінде оқушылардың оқу
іс-әрекеттерін өзіндік бақылау әдістемелік жүйесінің теориялық
моделін ұсынған педагогика ғылымдарының кандидаты Наталья
Михайловна Дергунова (кесте. 1) әдістемелік-теориялық негіздердің,
мақсатты, мазмұндық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, нәтижелік-
бағалау компоненттерінің, сондай-ақ мұғалімнің қызметі мен
оқушылардың қызметінің тұтастығын білдіреді [3].
Орта мектепте химияны оқыту кезінде оқушылардың оқу іс-
қимылдарын өзіндік бақылау әдістемелік жүйесінің мақсаты оқу
іс-қимылдарының өзін-өзі бақылау тәжірибесін қалыптастыру
болып табылады.
Кесте 1 – Өзіндік бақылау әдістемелік жүйесінің теориялық моделі
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ƏДІСТЕМЕЛІК КОМПОНЕНТ
Оқу іс-әрекеттерінің
өзін-өзі бақылауын
ұ й ы м д а с т ы р у
нысандары
Оқу іс-әрекеттерінің
өзін-өзі бақылау
әдістері
Оқу іс-әрекеттерінің өзін-
өзі бақылау құралдары
Оқу іс-әрекеттерінің
фронталды өзін-өзі
бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
жеке өзін-өзі бақылауы
Оқу іс-әрекеттерінің
т о п т ы қ ө з і н - ө з і
бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
ұжымдық өзін-өзі
бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
өзін-өзі бақылау жұбы
Оқу іс-әрекеттерінің
ауызша өзін-өзі
бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
жазбаша өзін-өзі
бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
практикалық өзін-
өзі бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
құрамдастырылған
өзін-өзі бақылау
Оқу іс-әрекеттерінің
өзін-өзі бақылау
үйлесімі
Нормативтік материалдар
Оқу іс-әрекеттерінің
ө з і н - ө з і б а қ ы л а у д ы ң
технологиялық карталары
Оқу іс-әрекеттерінің өзін-өзі
бақылауының әдістемелік
б а ғ д а р л а м а л а р ы н а
баса назар аударатын
алгоритмдер
Тірек кестелер, өзін-өзі
бақылау және өзін-өзі
түзету схемалары және т.б.
Ө з і н - ө з і б а қ ы л а у
тапсырмалары
Әдебиеттерге шолу
Өзін-өзі бақылау – бұл үздіксіз оқу үдерісінде мұғалімдермен
мен отбасының басқаруымен қалыптасатын және дамитын өз
іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушының сыни бағалай білуінен
тұратын оқу қызметінің компоненттерінің бірі. Өзін-өзі бақылау
өзін-өзі реттеудің жоғары нысандарының бірі болып табылады. Д.Б.
Эльконин өзін-өзі бақылау дағдылары оқу қызметінің оң нәтижелері
үшін маңызды екенін мойындайды.
Оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру үш кезеңнен
өтеді [2].
Өзін-өзі бақылау жүйелерін жетілдіру. Өз бетінше іске асыру
дағдысын қалыптастыру. Оқушы өз жұмысын өзі талдап, оған
мазмұнды баға береді.