Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет200/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу іс-әрекеттерінің өзін-өзі 
бақылау тәжірибесінің қалыптасуына ықпал етеді деген болжам 
жасалды.
Зеріттеу әдістері:
1. Теориялық: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, 
педагогикалық, әдістемелік, химиялық әдебиеттер мен нормативтік 
құжаттарды талдау, химияны оқыту кезінде оқушылардың оқу іс-
қимылдарын өзіндік бақылаудың әдістемелік жүйесін модельдеу 
және жобалау. 
2. Эмпирикалық бақылау; сауалнама жүргізу; тестілеу; сұхбат 
беру, мектеп құжаттамасымен танысу; әңгіме; педагогикалық 
эксперимент. 
3. Эксперименттік деректерді сапалық және сандық талдау 
әдістері: компоненттік талдау, эксперимент нәтижелерін 
статистикалық өңдеу және оларды әдістемелік түсіндіру. 
Теориялық кезең ақпараттық және ғылыми ізденістердің 
нәтижелерін ескере отырып, оқушылардың химияны оқыту кезіндегі 
оқу іс-әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын ашуға, оқушылардың 
химияны оқыту кезіндегі оқу іс-әрекеттерінің тұжырымдамалық 
ережелерін, теориялық моделін және әдістемелік жүйесін әзірлеуге, 
сондай-ақ зерттеу пәнін түпкілікті сипаттай отырып, жұмыс 
гипотезасын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Эксперименттік 
кезеңде педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу 
арқылы деректер жинақталды, зерттеудің жұмыс гипотезасын 
тексеруге, педагогикалық эксперименттің нәтижелерін талдауға 
және түсіндіруге мүмкіндік беретін себеп-салдарлық байланыстар 
анықталды. Қорытынды кезеңде зерттеу нәтижелері (алдын 
ала, теориялық және эксперименталдық кезеңдер) жинақталып
қорытындылар жасалып, мектеп мұғалімдеріне негізделген 
әдістемелік ұсыныстар берілді [3].
Қорытынды
Сонымен, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру - 
айтарлықтай күрделі міндет екенін атап өтуге болады, өйткені 
орта мектеп жасындағы кезең баланың өміріндегі өзгерістерге бай, 
жасырын даму мүмкіндіктерінен бастап жаңа әлеуметтік рөлге 
дейін. Табысқа жету үшін белгілі бір жағдайлар жасау, оның ішінде 
білім беру ұйымының ата-аналармен ынтымақтастығы, мұғалімнің 
осы мәселедегі құзыреттілігі және өзін-өзі бақылауға оң көзқарас 
қалыптастыру қажет. Өзін-өзі бақылау дағдыларын табысты 
қалыптастыруда мұғалім басты орынды алады, өйткені оқу қызметін 
дұрыс ұйымдастыру кезінде кіші оқушылардың дербестік деңгейі, 
қиындықтарды еңсеруге ұмтылу, рефлексия және жалпы өзін-өзі 
бақылау деңгейі артады [6].
Оқушыларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі талдау дағдыларын 
қалыптастыру кезінде мұғалімнің қарым қасиетіне және 
қолжетімділік қағидатын басшылыққа алуы маңызды, алдымен 
қызметтің бір аспектісін бақылауға арнауы керек, содан кейін екі 
және одан да көп аспектілерді бақылауға қосу арқылы тапсырманы 
күрделендіріп, оқушыны оның тапсырмасының түпкілікті нәтижесін
бақылауға бағыттау қажет [7]. Жекелеген тақырыптар бойынша 
өзін-өзі бақылау нәтижелерін журналға енгізуге болады. Бұл дәлдік, 
нақтылық, объективтілік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал 
етеді.
Өзін-өзі бақылаудың дамуына ықпал ететін дербес жұмысты 
ұйымдастыру нысандарының бірі шығармашылық жұмыс болып 
табылады.Өзін-өзі бақылау дағдыларының қалыптасуын анықтау 
кезінде мынадай өлшемдер ескеріледі.
Тапсырманы орындау кезінде оқушылардың жіберген 
қателерінің орташа саны.
Сыныптасының жұмысын және өзінің жеке жұмысын тексеру 
кезінде жіберілген қателердің орташа саны.
Сыныптасының жұмысын және өзінің жұмысын тексеру 
кезінде оқушылардың тапқан қателерінің орташа саны.
Орындалған тапсырманы баллдық шкаламен бағалау [8].
Қорытындылай келе, мектеп оқушыларының өзін-өзі бақылау 
дағдысының қалыптасуын анықтау үшін олардың жазба жұмыстары 
мен сабақтағы жұмысын талдау және алынған нәтижелерді өзін-
өзі бақылаудың қалыптасу деңгейлері бойынша бөлу қажет екенін 
айтқым келеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Ушинский, К. Д. Педагогика [Текст] : избр. работы / К. Д. 
Ушинский. – М. : Юрайт,2017.284с.
2 Федеральный государственный образовательный стандарт 
начального общего образования / Министерство образование и 
науки Российской Федерации. — М. : Просвещение, 2018.
3 Дергунова, Н.М. Методика самоконтроля учебных действий 
учащихся при изучении химии в основной школе,2008
4 Дергунова Н.М. Личностно - ориентированный подход к 
обучению химии в довузовском образовании / Н.М. Дергунова 


370
371


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет