Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет202/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
процесіне жаңартылған әдістемелік жүйені енгізу қажет. Химияны 
оқыту әдістемесінің жаңа бағыты пәнді оқыту барысында 
қызығушылықты арттыратын онлайн викториналар, бейне сабақтар, 
ойындарды қолдануға болатын арнайы қосымшаларды қолдану. 
Қазіргі мектеп жасындағы балалар өзінің уақытының едәуір бөлігін 
ғаламторда өткізетіндіктен, білім беру жүйесіне жаңашылдық 
енгізіп, ұялы телефондарда еркін қол жетімді және қолдануға 
ыңғайлы қосымшаларды, компьютерлік бағдарламаларды көптеп 
қолдану керек. 
Әдебиеттерге шолу
Р.Набуованың пікірінше, мұғалімдер мен қазіргі оқушыларда 
көрнекі және эмоционалды жады дамыған [3, с. 38]. Осыған 
байланысты көптеген оқу ақпараттары бар, анимациялық 
демонстрациялармен, бейне жазбалармен және басқа да 
мультимедиялық жабдықталған білім беру бағдарламалық 
құралдарын пайдалану педагогикалық тәсілдерді жүзеге асыруды 
жеңілдетеді. 
Интерактивті әдістерді пайдаланып танымдық тапсырмаларды 
жүзеге асыруда сабақтың әртүрлі кезеңдерінде немесе сыныптан тыс 
жұмыстарда қолдануға болатын арнайы интерактивті жаттығуларды 
жасауға болады. Мұндай жаттығуларды арнайы компьютерлік 
бағдарламаларды (LearningApps, Kahoot, Wordwall, Learnis, Quizizz, 
Flippity және т.б.) пайдалана отырып жасауға болады. Компьютерлік 
бағдарламалармен жасалынған ойындар мен тапсырмалар 
оқушының жеке тұлғасының дамуының, танымдық белсенділікті 
жоғарлатудың, интеллектуалдық сезімдерінің дамуының көзі болып 
табылады.
Танымдық белсенділікті арттыру мақсатында химия 
сабақтарында түрлі компьютерлік бағдарламалардың көмегімен 
танымдық тапсырмалар түрлерін жасауға болады. Осының 
нәтижесінде оқушылардың жеке білім қалыптасып қана қоймай, 
сабаққа деген қызығушылығы да артады. Сол бағдарламалардың 
бірегейіне тоқталғанды жөн көрдім:
1 Flippity бағдарламасы мұғалімдерге оқу процесін қызықты әрі 
пайдалы етіп ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалардың 
бірі. Бұл бағдарламаның көмегімен көптеген түрлі дидактикалық 
ойындар мен жаттығуларды, сөзжұмбақтарды, викториналарды, 
тест тапсырмаларын жасауға болады.
Flippitу платформасын пайдаланудың келесідей 
артықшылықтары бар:
- ойын түрінде ынталандыратын тапсырмаларды құруға 
болады;
- оқушылардың білімін үздіксіз бақылау үшін ыңғайлы,оңай 
және жылдам пайдалануға болады;
- барлық пәндер үшін ыңғайлы және қолжетімді;
- интерфейс тілін өзгертуге болады. Яғни, кез келген тілге 
ауыстыру арқылы жұмыс істеуге ыңғайлы;
- үлгілерді тез өзгертуге болады және осы арқылы жаңа 
тапсырмалар жасауға болады;
- мұғалімге тапсырмаларды тексеру үшін қосымша уақыт қажет 
емес, өйткені жүйе баллды автоматты түрде есептейді;
- химияға байланысты деңгейлік тапсырмалар құру, есептер 
енгізу, бейне материалдар қосу өте ыңғайлы.
2. Мұғалімдерге арналған ең танымал бағдарламалардың бірі 
- Kahoot. Ол оқушыларды қызықтыру үшін интерактивті мазмұнды 
жасауға, оны сабақта да, оқушылардың өзіндік жұмысына да 
пайдалануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның артықшылықтары мен мүмкіндіктері:
- оқушыларға тест құрау кезінде бағдарлама арқылы тесттің 4 
нұсқасын жасауға болады;
- викторина, аралас жауаптар ойыны, сауалнама жасауға 
мүмкіндік беретін кең функционалдылыққа ие;
- заманауи дизайнға ие бағдарлама;
- өту үшін қатысушылардың кез келген санын қосуға болады;
- тест сілтемесін сайтта немесе әлеуметтік желілерде бөлісуге 
мүмкіндік береді;
- құрылған викторинаны немесе тестті тікелей мобильді 
қосымша арқылы тапсыра беруге болады;
- ойын барысында оқушылар кімнің ұтқанын және уақыт шегін 
көре алады;
- ойын соңында үздік үштікті анықтауға болады. Егер сабақ 
кезінде осындай жаңа педагогикалық технологияларды қолданса, 
оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгереді, баланың танымдық 
және шығармашылық икемділігі дамиды.
Компьютерлік ойындар педагогикалық процесті білім, білік 
және дағдыларды алуға болатын жаңа мүмкіндіктермен байытып 
қана қоймайды, сонымен қатар сабаққа енгізілген ойын әрекеттері 
арқылы оқу процесін қызықты етеді, оқушылардың оқу материалын 
меңгеруге ынталандырып, қызығушылығын арттырады. Мұғалімнің 
әдістемелік жүйені тиімді пайдалануының нәтижесінде оқушыларда 


374
375


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет