Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»



Pdf көрінісі
бет204/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған 
әдістемелік ұсыныстар жасау мақсатын көздейді. Яғни қазіргі таңда 
мұғалімдердің рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен ғана шектелмей, 
сабақты қызықты етіп өткізу, оқушыларды тәрбиелеу, пәнге деген 
қызығушылығын арттырумен айқындалады.
Талқылау 
Эксперимент барысындағы зерттеулеріміздің нәтижесін талдай 
келе мынадай қорытынды жасадық : орта мектептерде оқушылардың 
ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы 
белсенділігін қалыптастыру мәселесін қайта қарау, оқушыларда 
белсенділікті қалыптастыруда оқыту үрдісіндегі әдіс-тәсілдерді 
арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі басты шарты 
деген тұжырым жасадық.
Жоғарыда келтірілген педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
ұйымдастыру және педагогикалық іс-шаралар ұйымдастырылуы 
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын 
кеңейтеді, білім мен қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады, алған 
білімдерін практикада еркін пайдалануға , т.б. дағдыланады. Біздің 
ойымызша, химияны оқытуда жаңа технологияларды қолдану 
арқылы сабақ өте қызықты болады. Жаңа технологияны пайдаланып 
жасалынған тапсырмаларды қолдану арқылы өткізілетін сабақтардың 
қызықты, тартымды, заман талабына сай келетіні тәжірибе жүзінде 
көрсетілді. Нәтижесінде оқушылардың химия пәніне деген 
қызығушылығын арттыратын жаңа ақпараттар, интерактивті 
оқыту әдістері мен педагогикалық-психологиялық дайындықтың 
жоқтығына көзім жетті. Сол себепті сабақта оқушыларды қатыстыра 
отырып қолдануға болатын технологиялар мен әдістерді таңдадық. 
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында 
сабақтың формасы мен жаңашыл әдіс-тәсілдері таңдалды. Химияны 
заманауи оқу тапсырмаларын пайдалана отырып оқытқанда 
оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі айтарлықтай 
артады деп айтуға болады. Оқу тапсырмаларының түрлерін 
қолдану арқылы өткізілген сабақтар өте қызықты және тартымды 
болады, сондықтан олар сабақ кезінде айтарлықтай белсенділік 
көрсетеді. Оқушылардың назарын пәнге аударып, бақылау кезеңінде 
тақырыпты түсініп, талқылағанын байқауға болады [4, с. 20].
Қорытынды 
Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңа педагогикалық 
технологияларды меңгеру ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. 
Мұғалім үшін ең маңызды мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. 
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының тұлғалық күшін 
арттырып, шығармашылық ойын дамытуда шешуші рөл атқарады. 
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, 
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами 
қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, 
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. «Жүз рет 
естігеннен, бір рет көрген артық» дегенді ескерсек, инновациялық 
технологияны мүмкіндігінше сабағымызда қолдансақ, ұстазға 
пайдасы көп болады деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі 
түрде қолдану мұғалімнің шеберлігіне қарай түрліше жүзеге асады.
Қорыта келе, келесідей ұсыныстар туындады:
Әдістемелік құрал жасау. Қазақстанның әрбір университетінде 
бір жоба жасалынып ол жобада 4-курстар бітіру кезінде жаңа бір 
әдісті ұсынса ол ұсыныс проффессорлар жиналысында талқыланып, 
ең үздігі баспаға жіберілсе, барлық әдістер бір кітапта жинақталып, 
болашақта мұғалімдер үшін тиімді болар еді. Сонымен қатар кітапқа 
арнайы бағдарлама арқылы жасалынған дайын сабақ үлгілері QR код 
арқылы енгізілсе, болашақта кез келген мұғалім кодты тек сканерлеу 
арқылы бірден сол бағдаррламаға кіруге мүмкіндігі болады.
Әлеуметтік желіде контент жасау. Әлеуметтік желіде контент 
жасау мақсаты мұғалімдеріміздің заман ағысынан қалмай, үнемі 
ізденісте болатындығының бірден бір дәлелі. Қазіргі кезде 
оқушылардың басым көпшілігі уақытының көп бөлігін әлеуметтік 
желіде өткізгендіктен, біз де әлеуметтік желідегі коммуникативтік 
технологияларды және бағдарламаларды өз пәнімізді оқыту құралы 
ретінде тиімді пайдалансақ, оқушыларға жақынырақ боларымыз 
сөзсіз. Мысалы, қазіргі таңда Ұлан Үсенов атты химия пәнінің 
мұғалімі «Наруто» атты Жапон анимесі арқылы мектеп материалын 
түсіндіріп, TikTok желісінде танымал болды. Ұлан ағай аниме 
арқылы химиядағы реакциялардың ұқсастықтары туралы контент 
жасады. Сондай-ақ мұғалім күрделі химиялық процестерді рэп 
оқып, оңай тілде жеткізеді.
Егер осы ұсыныстар жүзеге астаын болса, мұғалімдерге 
әр сабақ сайын әдістерді іздеу қажеттіліктері туындамайды. 
Мұғалімдер әдістерді химия сабағында тиімді пайдаланса
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, зерттеушілік іскерлігі, 
танымдық белсенділігі, шығармашылығы артады.


378
379


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет