139
жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
осы екі фактормен тығыз
байланысты.
Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің алуан түрінде көрінеді. Өмірдегі
қарым-қатынас, таным, өзін-өзі жетілдіру, айналаны өзгерту және түрлі
белсенділіктері дамиды. Қарым-қатынас бала белсенділі-гінің ең алғашқы
белгісі. Ол түрлі қатынасқа түсу арқылы
өзінің ең маңызды жақтарын
дамытады. Бала өскен сайын оның танымдық белсенділігі тереңдей түседі.
“Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?” – де-ген сұрақтарға жауап іздей
бастайды. Мектептегі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен
тереңдеуіне мүмкіндік жасай-ды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын өз
бетінше білімді игеруге, оларды практикалық әрекетте пайдалану қабілетіне
ие болады. Адам-ның әлеуметтік белсенділігі
өзін қоршаған ортаға ықпал
етеді, бол-мысты өзгертуге, қайта құруға бағытталады.
Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология,
әлеуметтану,
медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары
кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде қалып-тасуы
биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарасты-рылады:
-
биологиялық бағыт
-
адам
табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-
әрекеттері мен мінез-құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негіз-деледі;
-
әлеуметтік бағыт
-
адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік
топтардың қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғам-дық ортаға
бейімделеді;
-
биоәлеуметтік бағыт - жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді.
Жеке тұлғаның белсенділігінің бағыттары
оқушының әр-алуан іс-
әрекеттерінде көрініс табады. Олар: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық
пайдалы жұмыстар, ойын,
эстетикалық, спорттық-сауық-тыру әрекеттері.
Жеке тұлғаның мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге
мүмкіндік туғызатын қызмет - әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен
қаруландыру – баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.
Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: