140
оқушының өзара әрекетінің және тәрбие
нәтижелерінің арасындағы
байланыстың болуын қарастырады.
Жеке тұлға
– адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-же-тілуі,
оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық
және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғам-дық-саяси
көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы
сандық және сапалық
өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
«Жеке адам», «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «дара-лық»
түсінігімен толықтырылады.
Даралық
түсінігі бір адамды екін-шісінен
айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық
қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқ-самайтын өзіндік
ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен
темпераменттің
айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және
қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Жеке тұлға даралығы
– индивид тұлғасының және психолог-гиялық
өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы,
оның темпераментінен, мінез-
құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
В.А.Соковиннің көрсеткеніндей, үш
деңгейде жүзеге асады:
1) қоғамның
жалпы индивидке ықпалы, қоғам өз байлығын және
әлеуметтік құндылықтарын, арман-мұратын, мақсатын қарым-қатынас
арқылы – оның «әлеуметтік ұйымдастырылған құрылымы» арқылы;
2) жалпы қарым-қатынас үдерісінде жеке
тұлғаға ықпал ету жалпы
ақпарат құралдары арқылы ;
3) жеке топ ішінде қоғамға ықпал ету қарым-қатынасы арқылы;
Кіші топта қарым-қатынас әрбір индивидтің шығармашылық өсуіне
қосымша мүмкіндіктер жасайды. Мысалы, өз идеяларын, көз-қарастарын
әсерлерін
тексеруге; өзін-өзі түсінуге, өз жетістіктерін бағалауға және
қателіктерін түсінуге көмектеседі.
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалып-тастыру.
Тұлғаны қалыптастыру-үздіксіз жүргізілетін педагогика-лық үдеріс. Адам
кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін
жалғастырғанда
бірге
жүреді.
Тұлға
дегені-мізге
философиялық,
педагогикалық, психологиялық ғылымы тұрғы-сынан
жан-жақты зерттеу
жүргізіліп, әр қырынан өздерінің анықта-малық тұжырымын береді. Тұлға –
ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның
іске асуының нәтижесі. Ерік-жігертетігідегеніміз- адамның өзіне тән жеке
бас қасиет-терін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің
- сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.
Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін
салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн).
Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәде-ниетке
де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа
141
мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз
мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.
Достарыңызбен бөлісу: