Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі



Pdf көрінісі
бет264/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Жобалау технологиясының оқушы үшін тиімділігі: 
-
жоба мәселесін шешу барысында оқушы түрлі әдебиет көз-дерін 
өзі іздестіріп, өз білімін оқулықтан тыс материалдармен толық-тырады; 
-
теориялық 
білімнің 
практикалық 
қолданысын 
іздестіруге
машықтанады; 
-
жұптық немесе топтық ізденіс жұмыс барысында комму-
никативтік іскерліктерін дамытады; 
-
мектеп жасынан ғылыми-ізденушілік іс-әрекет дағдыларын 
қалыптастырады; 
-
сыни ойлау, жүйелі ойлау, логикалық ойлауын дамытады; 
-
белгіленген мерзімге дейін жобаны орындау кезеңдеріне қажетті 
уақытты өздері белгілеп, тайм-менеджмент негіздерімен танысады. 


337 
5)
 
 Оқытудың ақпараттық және коммуникативтік техно-
логиялары. 
Қазіргі ақпараттық қоғамда оқыту үдерісін ақпараттық-
коммуниткативтік технологияларынсыз көз алдына елестету мүмкін емес. 
Интернет желісі пайда болғаннан бастап ақпараттық-коммуника-тивтік 
технологиялар тек оқыту құралы емес, сонымен қатар әлемдік масштабтағы 
қарым-қатынас алаңына айналып, олардың тұлға сана-сына, оның 
дүниетанымына және жалпы тәрбиесіне әсері ерекше сезі-ле бастады. Кез 
келген ақпараттың қолжетімділігі әр тұлғаның әлемдік білім беру кеңістігіне 
интеграциялануына зор ықпал тигізуде. 
 
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
- түрлі ақ-парат 
көздерімен (электрондық, баспалық, қарым-қатынастық) жұмыс істеу үшін 
арнайы бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын 
педагогикалық технологиялар. Ақпараттық техноло-гиялардың жедел 
модернизациялануына 
байланысты 
мұғалімдердің 
ақпараттық 
құзыреттіліктеріне
деген талаптар жылдан-жылға кү-шею үстінде.
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне төмендегідей іскер-ліктер мен 
дағдыларды меңгеруі жатады: 
1)
электрондық базамен жақсы жұмыс істей алуы, ком-пьютерлік 
сауаттылығының болуы (MS Offise Word, MS Offise Excel, MS Offise Power 
Point, MS Offise Publisher, т.б. бағдарламалармен жұмыс істей алуы); 
2)
оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабаққа 
қажетті материалдарды иллюстрациялық, анимациялық ерекшеліктерімен 
презентация құрастыра білуі; 
3)
мультимедиялық жобалардың, интерактивті тақтаның барлық 
мүмкіндіктерін пайдалана білуі, оқу бағдарламаларын көрсетуде қажетті 
деңгейде проекциялау техникасының тілін білуі; 
4)
оқытатын 
пәні 
бойынша 
электрондық-сандық 
ресурстар, 
электрондық оқулықтар, атластар, құралдар, электрондық жұмыс 
дәптерлері, электрондық күнделік, компьютерлік тесттермен жұмыс істей 
алуы; 
5)
жеке электрондық дидактикалық материалдарының қорын 
дайындау, оқушылардың электрондық портфолио банкін дайындай алуы; 
6)
сайттар, буклеттер жасайтын бағдарламаларды, редактор-лармен
жұмыс жасай алу, электрондық кітапханалар мен веб-сайт-тарға 
сілтемелерді пайдалана отырып, сабақ тақырыбына қажетті қосымша 
материалдарды пайдалана алуы; 
7)
интернет желісінде блог, форумдар жүргізу, оқушылар-мен, ата-
аналармен, әріптестерімен кәсіби желілік қоғамдастықтарда on-line жұмыс 
жасай алуы, желілік журнал, күнделіктер жүргізуі; 
8)
интернет кеңістігінде оқушыларды дистанциялық олим-пиада,
сайыстарға, викториналарға қатыстыруы;


338 
9)
арнайы 
Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn және т.б. 
интернет 
платформаларында оn-line түрінде біліктілікті жетілдіру курстарына 
қатысуы.
Ақпараттық 
технологияның 
қарқынды 
дамуына 
байланысты 
мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне қойылған талаптар жылдан-жылға 
жаңарып, өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет