336
таныстырып отырады. Ең ұтымды жағы - оқушылардың танымдық әрекетке
қызығушылығының артуы. Оқушылар алған академиялық білімдерінің нақты
өмірлік тәжірибедегі құндылығын, болашақта қажеттілігін осы жобалық
тапсырмаларды орындау арқылы жақсы түсінетін болады.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылардың
өздік жұмыстарын
орындау түрлері төмендегідей жіктелуі мүмкін: жеке іс-әрекет; жұптық іс-
әрекет; топтық іс-әрекет. Жобаны орындау үшін
нақты бір уақыт мерзімі
бекітіледі. Осы уақыт ішінде жобаны орындаушылар өздерінің меңгерген
теориялық білімдерімен қатар, жеке тәжірибесі негізінде түрлі
салалардағы
жинақтаған білімдерін жүйелейді. Орындалған жобаның нәтижесі нақты
және практикада қолданылатын болуы керек.
Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс:
-
берілген тапсырманың шығармашылық тұрғыдан қызықты болуы,
жан-жақты ізденіс әрекетін талап етуі;
-
күтілетін
нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық
құндылығының жоғары болуы;
-
жоба (жеке, жұптық, топтық) міндетті түрде өзіндік орындалатын іс-
әрекет болуы керек;
-
жобаның мазмұнының нәтижелерге
жету кезеңдері бойынша
құрылымдануы;
-
зерттеу әдістерінің қолданылуы: зерттеу проблемасын, мін-деттерін,
болжамын анықтау, жинақталған мәліметтерді талдау, ста-тистикалық
әдістерді қолдану;
-
жоба тапсырмасын орындауда пәнаралық
байланыс негізінде білім
интеграциясының болуы ;
-
орындалған жоба нәтижесінің қорытынды формасының мате-
риалдық сипатта өткізілуі:
бейнефильм, альбом, презентация,сайт, мақала,
т.с.
с.;
-
жобаның көпшілік алдында талқылануы, қорғалуы, құнды-лығының
дәлелденуі.
Достарыңызбен бөлісу: