Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


) Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиялары



Pdf көрінісі
бет260/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

2) Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиялары. 
Оқы-тудың
ұжымдық түрлері ертеден қалыптасқанымен, оның ерекше-ліктерінің арнайы 
зерттелуі А.Г.Ривин, В.К.Дьяченко еңбектерінде қарастырылады. Бұл 
технологияның түйінді идеялары оқыту үдерісінде кездесетін төмендегідей 
қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған: 
-
мұғалімнің белсенді оқыту әрекеті мен оқушылардың сыл-бырт 
бақылаушылық әрекеттері арасындағы қарама-қайшылық; 
-
оқытудың ұжымдық түрін пайдалана отырып оқушылардың өзара
қарым-қатынастарына қатаң шектеу қою арасындағы қарама-қайшылық. 
Аталған қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында ұжымдық-
танымдық іс-әрекет технологиясы топтық, шағын топтық, жеке, жұп-тық 
оқыту түрлерін, жұптар мен шағын топтар құрамының ауыспалы болуын, 
оқушылардың өзара бірін-бірі оқытуларын, өзара бірін-бірі бақылау мен 
бағалауларын, өзара көмек көрсету қағидаларын басшы-лыққа алады.
Оқушының оқу-танымдық үдерісіне қолайлы ортаны колабора-тивті 
орта деп атайды. 
Коллаборация,
немесе 
ынтымақтастық 
– кез келген 
салада бір немесе бір топ адамдардың ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өзара 
білім мен тәжірибе алмасу, өзара оқыту мен ке-лісімге келу бойынша 
бірлескен іс-әрекет үрдісі. Осыған байланысты әлемдік білім беру 
кеңістігінде коллаборативті оқыту (collaborative learning) ұғымы кеңінен 
қолданылады. 
Коллаборативті оқыту
– оқушылардың өзара бірлесіп, 
немесе мұғалімдермен бірге жаңа білімді іздестіру, талдау және түсіну 
бойынша ынтымақтастық әрекеттестікке негізделген оқыту. Бұл теория 
оқытудың 
әлеуметтік сипатына
көбі-рек мән беріп, оның нәтижелілігін 
оқушылардың өзара бірлескен қа-рым-қатынастарының нәтижесі арқылы
бағалайды.
Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырудың өзі үлкен пе-
дагогикалық шеберлікті және шығармашылықты қажет етеді. Әуелі
оқушылармен бірігіп 
топтық жұмыс ережелерін
құрастырып алған абзал. 
Бір сабақты минут-минутына дейін ойластырып, балалардың топтық 
жұмыстарын жоспарлап, коллаборативті ортаны қалыптастыру - мұғалімнің 
кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші. Осындай сабақ жоспарын құрудың өзі 
қызықты шығармашылық үдеріске айналады.
Топтық жұмыс ережелерін құрастыру және оны оқушылар үшін 
тартымды қылып көрсету маңызды. Құрастырылған ережелер барлы-ғына 


333 
бірдей көрінетіндей, оқылатындай және суреттермен бейнеленіп тұрғаны 
дұрыс. Балалар өз пікірлерінің бағалы екенін сезініп, өз күштеріне деген 
сенімдері арта түседі. Топтық жұмыс ережелерін балалардың өздеріне 
құрастырту мұғалім үшін өте ұтымды қадам, себебі олар өздері ұсынған 
ережеге қарсы шыға алмайды.
Қазіргі кезде топтық жұмыстарды жүргізуде топтық бағалау 
формалары да көп қолданылады. Сондықтан ережелердің өзін сабақ
үстіндегі объективті өзара бағалауға, жауап беру тәртібіне, уақытты ұтымды 
пайдалануға, сөйлеу әдебіне, тыңдау мәдениетіне қатысты бекітіп алуға 
болады. Бағалауға қатысты оқушылармен бірлесе отырып бағалау 
критерийлерін анықтап алу бағалау тиімділігін арттырады.
Дәл осылай сыныптағы оқушылардың топтарға бөлінуін, топта 
әрқайсысына жеке рөлдердің бөлініп берілуін алдын-ала ойластырып алған 
жөн. Топтық жұмыста әр оқушыға рөлдерді таратып беру әдіс-темесі жақсы 
нәтижелер көрсетуде. Мысалы, сыныпта 30 оқушы бол-са, оларды 6 адамнан 
5 топқа бөлу қажет дейік. Топтарға бөлудің өзі сан-алуан түрлері белгілі. Ең 
қарапайым әдісі ретінде балаларға 1-ден 5-ке дейін санату. 1-ші нөмірдегілер 
- бірінші топқа,... 5-ші нөмірдегілер - бесінші топқа топтасады. Енді әр топ 
орналасқан партаға (
спикер, репортер, комментатор оптимист, скептик, 
координатор, т.б.
) рөлдері жазылған карточкалар қойылады. Әр топ 
мүшелері рөлдерді кездейсоқ суырып алып отырып, сол рөл бойынша қызмет 
атқарады. Бұл рөлдердің әр балаға ауысып келіп отыруы оларды әр қырынан 
танытуға бағытталып әзірленген. Мұғалім өз шығармашылығына, 
оқушылардың 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
дамыту 
қажеттілігне 
байланысты басқа да рөлдерді ұсына алады.
Осылайша рөлдерді үлестіру арқылы әр оқушының оқу белсенділігін 
арттыру, үнемі жауапқа дайын болып отыру, оларды әр тақырып мазмұнын 
талқылау ағымында ұстап отыруға болды. Топтық жұмыстың маңызды 
ерекшелігі – топтағы әр адамның жеке қасиеттерін, көшбасшылық 
қабілеттерін аша білу мүмкіндігі. Осы рөлдерге байланысты тапсырмаларды
да түрлендіріп отыруға болады. Мысалы тақырыпты топтық талқылағаннан 
кейін әр топтан «опти-мисттері» мен «скептиктерін» шығарып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет