329
Ю.К.Бабанский жоғары оқу орындарын-да оқытылатын оқулықтар
мазмұнына осы тұтас педагогикалық үдерістің ұғымын енгізеді. Ал кеңес
одағынан кейінгі кезеңде осы мәселенің зерттелуі В.А.Сластениннің ғылым
мектебінде жалғасын тапты.
Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель тұтас педагогикалық үрдістің
заңдарын, заңдылықтарын, принциптерін жүйелей келе, үдерістіңоның
құрамдас компоненттерінің өзара байланыстылығын мұғалім мен оқушының
қарым-қатынас жүйесі арқылы модельдейді.
Мұғалiмдердiң педагогикалық технологияны
тиiмдi қолдана алуы
олардың
кәсiби iс-әрекет объектiсi болып табылатын тұтас педагогикалық
үдерістің
заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күшi мен тетіктерін терең
бiлу және меңгеру деңгейлеріне тiкелей байланысты.
Педагогикалық
үдерістегі
«педагогтар-оқушылар»
,
«оқушылар-
оқушылар»,«пән мұғалiмi – оқушылар»
және т.б. ішкі жүйелердің тығыз
өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың өзін-өздері
таныта алулары және басқаларды тани алулары жүзеге асырылмақ.
Мұғалiм тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жүзеге
асыру
технологиясын меңгеру арқылы оқушылардың ғана емес, сонымен қатар
бүкіл сыныптың iс-әрекет пен қарым-қатынастарын, өзара әре-кеттестiктерін
ұйымдастыра алатын болады. Ал басқа педагогикалық технологиялардың
мұғалiмдер осы негізгі технология арқы-лы тиімді құрастыра алатыны анық,
өйткені тұтас педагогикалық үдерістіңкомпоненттерін, олардың арасындағы
кездесетін қарама-қай-шылықтар жүйесін, қосымша жүйелерінің өзара
тәуелділігін жақсылап меңгеріп алу арқылы
басқа оқыту технологияларын
қолдану жеңілірек болады.
Сонымен, тұтас педагогикалық үдерістіңтеориясын жүзеге асы-ру
технологиясы мегатехнология санатында қарастырылуы керек. Н.Д.Хмель
бұл технологияның мәнін төмендегідей логикалық тізбек-теме арқылы
негіздейді:
1)
Тұтас педагогикалықүдерісініңтеориясын білу (мұғалім іс-
әрекетінің объектісінің идеалды моделін);
2)
Нақты оқу-тәрбие ұйымдарындағы педагогикалық үдерістің нақты
жағдайын диагностикалау әдістемесін меңгеру;
3)
Педагогикалық үрдістің нақты жағдайын өзгертуді модель-деу,
(болжау) үшін тұтас педагогикалық үдерістеориясын қолдану;
4)
Кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогтар
мен оқушылардың іс-
әрекеттерінің ретін, алгоритмін анықтау.
Осы талаптардың барлығы оқушының білімді меңгерудегі өз бетінше
оқу әрекетімен айналысып, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: