Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет51/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Вербалды қарым-қатынас
–адамдар арасындағы сөз арқылы 
жүргізілетін қарым-қатынас. 
Вербалсыз 
қрым-қатынас
–адамар 
арасындағы 
ым-ишараға 
негізделген сөзсіз қарым-қатынас. 
Интерактивті қарым-қатынас
–адамдардың өзара бірі-бірімен 
тығыз әрекеттестік байланыста болуы. 
Перцептивтік 
қарым-қатынас
–кез 
келген 
қарым-қатынас 
барысында адамдардың ішкі жан дүниесін түсіне алу, көңіл-күйлерінің 
қандай деңгейде екенін сезіне білу.
Аталған қарым-қатынас түрлерін педагогика саласындағы 
«мұғалім-
оқушы»
қарым-қатынастық жүйесіндегі ерекшеліктерін қарастырып өтейік. 
Вербалды қарым-қатынас
– бір адамнан екінші адамға не болмаса 
бір топ адамдар арасындағы 
сөз арқылы
ақпараттармен алмасу үдерісі. Сөз 
адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербалды қарым-
қатынастың негізгі құралы. 
 
Педагогикалық 
үдеріске 
қатысушы 
субъектілерінің 
сөйлеу 
шеберліктері арқылы олардың дүниетаным шеңберін, мәдениеттілігін, 
тәрбиелілігін, тіпті мінез-құлқын да байқауға болады. Сондықтан көптеген 
жас мамандардың осал жерлері де осы сөйлеу шеберліктерінің 
жетіспеушілігіне байланысты болып келеді.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының 
қызметтеріне байланысты іске асырылады. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені 
білдіреді, яғни оның мән-мағынасын ми жұмысы арқылы талдап қбылдайды. 
Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп 
қабылдаулары үшін олар бір тілде (
қазақ, ағылшын, орыст.с.с.
) сөйлеусулері 
керек. Сөздік (вербалды) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды 
оқушы санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты 
фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын 
арттырып, олардың назарын тақырыпқа аудара түседі.
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: 
аксиалды және 
ретиалды



48 
Аксиалды қарым-қатынас 
– ақпаратты 
бір
адамнан екінші 
бір
адамға 
жеткізу үдерісі (
мұғалім және жеке бір оқушы немесе оқушы мен оқушы 
арасындағы қарым-қатынас
). 
Ретиалды қарым-қатынас
- ақпаратты 
бір
адамнан 
бір топадамға
жеткізу үдерісі (
Мектеп жағдайында мұғалі -ата-аналар, мұғалім-сынып 
оқушылары жүйесін атауға болады
). 
Мектепте жағдайында қарым-қатынастың аталған екі түрі де жиі 
кездеседі. Ол тек оқушы мен мұғалім арасында емес, директор мен 
педагогикалық ұжым арасында, мұғалім мен мұғалім арасында, мұғалім мен 
ата-аналар арасында болатын қарым-қатынас. Кейбір мұғалімдер аксиалды 
қарым-қатынастқа бейім, кейбіреулер –ретиалды қарым-қатынасқа жақын 
болады. Бірақ шебер педагог болу үшін аталған қарым-қатынастың барлық
түрін жақсы меңгеру маңызды.
Аксиалды және ретиалды қарым-қатынастар барысында сөйлеп тұрған 
адамды 
тыңдай алудың 
өзі өнер. Аксиалды қарым-қатынастағы диалогтың 
нәтижесі адам көңілін барлық алаңдатқыштардан (
уақыт-тың тығыздығы, 
ұялы телефонның үнемі шырылдай беруі т.с.с.
) алшақтатуына байланысты 
өзгеріп отырады. 
Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (
сынып іші, 
аудитория, дала, табиғат, т.б.
), өткізілу уақытына (
таңертең, түсте, 
кешке
), адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі 
болады. Осыған орай қарым-қатынас жасауда оның орны мен уақытының 
алатын рөліне байланысты мынандай мысалдарды келтіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет