77
психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен
тәрбиелеу жағдайын-да адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында
қалып оты-рады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі
негізде жіктегендіктен
белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне – тәрбие
мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін тәрбие теориясы, оқыту-дың
педагогикалық теориясы – мазмұнын, әдістерін және ұйымдас-тыру
формаларын ғылыми негіздейтін – дидактика бөлініп шықты.
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия
және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Белгілі бір мағынада
педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу
жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ
ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми
пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді
іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыс-тыру арқылы ғана
ашуға болмайды.
Бұны тәрбие теориясынан, дидак-тикадан, әдістемеден,
мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр-лі типіндегі ғылымдар
нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға
болады. Бұндай байланыс төрт түрге бө-лінеді.
Ең маңыздысы басқа
ғылымдардың тұжырымдарын жинақ-тайтын негізгі идеяларды, теориялық
қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі – ғылымдарда
қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі – кейбір
ғылымдардың
мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін
пайдалану. Төртінші түрі – кешенді зерттеулер.
Тегінде, педагогикаға кез-келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез-
келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым
саласымен қарым-қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология.
Философия – барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні
бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл
ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды
талап етеді. Педагогиканың филосо-фиямен байланысы –
педагогикалық
ойлардың
дамуының
біртұтас
шарты.
Философиялық
білімдер
педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді.
Олар теориялық зерттеу – тәжіри-бемен тікелей, педагогикалық болмыспен –
жанама,
ал
философиямен
тікелей
байланыста
болатындықтан,
педагогикалық теорияны құру үшін керек.
Достарыңызбен бөлісу: