Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


)  философиялық әдіснама



Pdf көрінісі
бет92/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

 
1) 
философиялық әдіснама
, яғни, таным мен жалпы ғылымның 
категориялық құрылымы негізінде педагогикалық зерттеу мәнін, оның 
әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұр-ғысынан 
педагогикалық зерттеу нәтижелерінің танымал түсіндірмесіне қатысты 
жалпы қағидалар жатады; 
2) 
жалпы ғылымилық әдіснама,
жалпы ғылымилық қағидалар мен 
зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешен-ді, 
бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылымилық әдістер, идеал-дау
модельдеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б қатысады). 
Жалпы ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. 
Себебі, дәл осы кезеңде зерттеудің ұстанымдық бағыты анықталады, оның 
стратегиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады.


93 
3) 
нақты ғылымилық әдіснама
педагогика ғылымының зерттеу 
әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол 
реттеуші қызметті атқара отырып, бір бірімен нақты зерттеулердің 
ерекшеліктерімен сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас 
ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, соны-мен 
қатар, педагогикалық зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажет-ті 
психология, әлеуметтану және т.б ғылымдардың және педагогика-ның 
ұғымдық-түсініктік аппараттының бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4) 
зерттеудің әдістемесі және техникасы
(технология), яғни, бір 
сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғаш-қы талдау 
үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық 
немесе құралдық–технологиялық. Аталған деңгей-дің қызметтерінің дұрыс 
жүзеге асырылуына сай жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен 
жалпы, барлық педагогикалық ғылымдар-дың нәтижелері қалыптасады.
Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық 
қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Ол педагогикалық теория жасау үшін 
қажет, өйткені, теориялық зерттеу тәжірибемен, педагогикалық шынайы 
болмыспен жалпылама байланыста да, ал философиямен тікелей 
байланысты. 
Ғылыми-педагогикалық зерттеуде маңызды рөлді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет