87
Зерттеу нәтижелері әрбір деңгейде түсіндірілуді қажет етеді.
Б.Г.Ананьевтің психологиялық зерттеу
әдістері жіктемесі бойынша
ұйымдастырушы әдістер, эмпирикалық
әдістер,
мәліметтерді өңдеу
әдістері, түсіндіру әдістері болып бөлінеді. Педагогика ғылымында зерттеу
әдістері эмпирикалық және теориялық деген екі топқа бөлінеді (Бабанский
Ю.К., Журавлев В.И. Скаткин М.Н., Скалкова Я.) және т.б.
Психологиялық және педагогикалық зерттеу кезеңдері:
•
бірінші кезең
- дайындық (белгілі бір мәселені шешу қажеттігі, оны
сезінуі, зерттеу міндеттерін, нысанын, пәнін, анықтау, болжа-мын жасау,
әдістерді таңдау және әдістердің әдіснамалық ұстаным-дарға сәйкестігін,
жеке әдістерді басқаларымен тексеру мүмкіндіктерін ескеру);
•
екінші кезең
- зерттеушілік (фактілік мәліметтерді түрлі
әдіс-тер
көмегімен жинастыру, зерттеулер кезеңдері, сериялары);
•
үшінші кезең
– зерттеудің мәліметтерін өңдеу (зерттеу мәлі-меттерін
сандық және сапалық талдау: әрбір тіркелген фактіні талдау, факті мен
болжамның байланыстарын орнату, қайталанатын факті-лерді бөліп көрсету,
статистикалық өңдеу, кестелер, графиктер және т.б. құрастыру);
•
төртінші кезең
- мәліметтерді түсіндіру және тұжырымдар жасау
(зерттеу болжамының дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтау).
Педагогика мен психологияның пәнаралық байланысы мына-дай
мәселелердің қойылуы арқылы ашылады:
– психологиялық
шынайылық және оның қасиеттері, педаго-гикалық
шынайылық және оның қасиеттері;
– педагогика, педагогикалық психология, психологиялық педа-гогика,
жеке тұлға дамуының психологиясы, кәсіби даму психоло-гиясы, жеке тұлға
дамуының педагогикасы, кәсіби даму педагогикасы;
– гуманитарлық білім жүйесіндегі психология және педагогика;,
–педагогиканы
«психологияландыру»
және
психологияны
«педагогикаландырудың» жолдары мен тәсілдері;
– психология мен педагогикадағы монизм мен плюрализм;
–педагогикалық және психологиялық ұғымдарды (тәрбие, оқыту,
білім, жеке тұлғалық кемелдік, жеке тұлға даму, жүйелеу, құндылықтар
жүйесі, өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағасы т.б.)
– психологиялық және педагогикалық
зерттеулердің ерекше-ліктері,
Қазақстандағыжәне
шетелдегі
психологиялық-педагогикалық
бағыттылықтарды, пәнаралық және кешенді зерттеулер құрылымы;
– осы заманғы зерттеулердегі психологиялық және педагогикалық
диагностиканың арақатысы мен маңызы.
Психология, педагогика және білім беру практикасының ара-қатынасы
аясында мынадай мәселелерді бөліп атауға болады:
– білім беру реформасының психологиялық қырлары;
– жалпы, орта және жоғары білім берудің психологиялық мәселелері
88
– педагогикалық әрекетті дамытудың психологиялық заңдылықтарын
қалай есепке алу;
– өзін-өзі тану үдерісіндегі (педагогтің, оқушының, ата-ананың,
басшылардың және т.б.) психологиялық және педагогикалық білімнің орны;
– мұғалімнің, тәрбиешінің
білім беру ұйымына басшысының,
оқушының, ата–ананың және т.б. психологиялық портреті;
– педагогикалық үдерістегі (мұғалімнің, оқушының) шығарма-шылық
әлеуметін ашады ма;
– педагогикалық үдерісті психологиялық қамтамасыз ету мәселелері;
–психологиялық мазмұн мәселесі және педагогикалық үдерістегі
жуықтағы даму аймағы;
– мұғалімдер мен оқушылардың қарым–қатынасы «тілінің» мәселесі;
– тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету және білім беру үдерісін
қолдау мәселелері;
– мұғалімнің психологиялық құзыреттілігі және мәдениеті т.б.
Психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір
көзі болып табылды. Оқыту туралы идеалды пайымдау мен істің нақты
жайының арасындағы алшақтықтың себептерін анықтау үшін психологиялық
талдау қажет. Мұғалімдер нақты ұсыныстар жасау үшін топтағы
оқушылардың жасына қарай психологиялық сипаттамасын білуі керек.
Қазақтың психологиялық мұрасы өте бай. Әл-
Фарабидің, Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың
психологиялық көзқарастары –
әлі толық зерделене
қоймаған
тылсым
дүние.
Шоқан
Уәлиханов
еңбектерінде халықтық рух мәселесі жиі қозғалған.
Танымал
псхолог-ғалым
Қ.Б.
Жарықбаевтың
пайымдауынша, халықтық рух дегеніміз – ұлттық сана-
сезімді ояту, қазіргі ғылым тілімен айтқанда –
этнопсихология, қазақи тілмен айтсақ – ұлттық
психология ғылымы деп атайды. Кейін Әлихан
Бөкейханов,
Ахмет
Байтұрсынов,
Халел
Досмұхамедов, Міржақып Дулатовтардың ұлттық
сана-сезімді ояту мәселесіне айрықша мән бергені, Ж.
Аймауытовтың психологиядан бірнеше кітап жазғаны
89
белгілі. XX ғасырда Төлеген Тәжібаев, Мәжит
Мұқанов
ұлттық психологияны дамытып, оны жастар
тәрбиесіне қолдану мәселесін ғылыми тұрғыда
қарастырған. 1926 жылы Ж. Аймауытовтың іргелі
кітабы «Психология» жарық көрсе, бұл саланы 1950-
1960 жылдары академик Төлеген Тәжібаев ғылыми
жүйелеп, ретке келтірді. Кейін бұлардың ісін қазақтың
танымал психологтары М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев,
В.К. Шабельников, Н.А. Логинова, Ж.Ы. Намазбаева,
С.М. Жақыпов, С.
Бердібаева, Н. Тоқсанбаева, Ф.
Тәшімова, А. Ким, О. Аймағамбетова, Н. Ақтаева, Д.
Дүйсенбеков, Қ.Т. Шериязданова, А. Ақажанова, О.
Саңғылбаев және т.б. зерттеулер жүргізіп, іргелі
жұмыстар жасап, жас ғалымдарды тәрбиелеуде.
Қазіргі уақытта отандық психологтар шетелдік
теориялар мен тұжырымдарды да (айталық, тұлға
теориясын жасаушы ғалымдар:
З.Фрейд,
Г.С. Салливан,
О. Ранк, Э. Фромм,А. Адлер, К. Роджерс, А. Маслоу,
Д. Келли, Г.Оллпорт, Л.С.
Выготский, С.Л.
Рубинштейн, К.К. Платонов) саралап, олардың
ғылымға қажеттілерін ұтымды пайдалануда.
Ғылыми жұмыстың практикалық тиімділігі
дәрежесі осы нәтижелердің педагогикалық болмысты
талдау негізінде немесе ғылымдардың қағидаларды
дәлелдеу
жолдарымен
жасалғандығына
тікелей
байланысты. Практикалық жұмыстың маңыздылығы
90
педагогика ғылымының басқа ғылыми пәндер
жүйесіндегі
ерекшелігін, мәнін және орнын түсінуге
және
оның
нәтижелерін
қолдану
тәсілдеріне
бағынышты.
Педагогиканың
философиялық,
жалпы
ғылымилық, дидактикалық және психологиялық
бағдарлары негізінде Педагогиканың философиясы
мен әдіснамасы пәнінің мағынасын нақтылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: