Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет88/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
 
Педагогика ғылымы мен дидактиканың өзара 
байланысын сипаттаңыз. 
2.
 
Педагогиканың дидактикалық формализмді 
сипаттаңыз. 
3.
 
«Дидактика – оқытудың педагогикалық теориясы» 
және «дидактика – білім берудің педагогикалық теориясы» 
ұғымдарын салыстырыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз. 
4.
 
Педагогиканың дидактикалық материализм мен 
утилитаризмді сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз. 
5.
 
Постмодерндік дидактиканың негізгі белгілері 
қандай болу керек? 
Педагогиканың психологиялық бағдарлары 
Психологиялық және педагогикалық зерттеу жалпы әдіснама-лық 
ұстанымдар негізінде құрылады. Әдіснамалық ұстанымдарды жә-не баланың 
психикасының ерекшеліктерінен туындайтын мақ-саттарды басшылыққа ала 
отырып, психологиялық зерттеудің страте-гиясы, жалпы барысы 
анықталады. Психологиялық және педагоги-калық зерттеу логикасы 
әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді. Олар: детерменизм ұстанымы, 
ақиқаттылық ұстанымы, даму ұстанымы.
Нақты әдістер жасалымы ғылымның теориялық қағидаларынан шыға 
отырып, әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді. Кез келген әдіс белгілі бір 
теорияның нәтижесін көрсетеді де, зерттеудің нысанын, алынған 
нәтижелерді түсіндіру тәсілдерін анықтайды. 
Зерттеу әдістерінің жалпы мақсаты теориялық талдау жасау үшін 
психологиялық фактілерді нақты тіркеу. Психологиялық түсін-дірімдер түрлі 
деңгейлі, көпсатылы болып келеді, әр саты жеке мәнге ие, әрі бірін-бірі 
айырбастай алмайды. Әрбір психологиялық феномен түсіндірімнің түрлі 
деңгейлерінде қарастырылады: 
1- феноменологиялық,
субъектінің санасындағы көрініс тапқан бейне, 
сезім, түрткі, мақсат және т.б.; 
2- физикалық,
субъектінің ағзасындағы физиологиялық үдеріске 
байланыстылар; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет