96
беретін білім болып табылады.
Теория білімдерді жүйелеу, зерделенетін
нысанның болашағын
болжау үшін де қажет. Демек, ол нысанның даму болашағын болтам-дау
үшін де керек. Теориясыз түсіну жоқ, сондықтан да түсіну –
теорияның
стратегиялық миссиясы.
Теорияның маңызды бір қызметі – болжамдау, түсіндіру үлгісі: жалпы
тұжырымдаудан кейін феноменді болжайды. Болжамдау бола-шаққа
бағдарланған. Педагогикада болжамдау маңызды роль атқара-ды. Білім беру
әлемін
ұйымдастыру оқушылардың, мұғалімдердің, басқарушылардың іс-
әрекетін болжамдаусыз мүмкін емес. Педагогика-да
ғылыми педагогикалық
алдын-ала болжау жүргізіледі. Білім беру-дегі алдын ала болжауда
статистикалық өлшемдер пайдаланылады. Педагогикада ғылыми болжау –
логикалық-әдіснамалық рәсім. Білім берудегі
құбылыстың қазіргі нақты
көрсеткіштері
негізінде
осы
құбылыстың
келешегін
анықтайды.
Педагогикадағы түсіндіру мен болжау ұқсас, тек түсіндіру өткенге,
болжау
болашаққа бағдарланған.
Түсінудің жалпы теориясы –
герменевтика
дамуда. Түсіну – әмбебап
рәсім. Сипаттау, түсіндіру және болжау ғылыми теорияның қызметтері.
Түсіну дегеніміз-құбылысты құндылық арқылы түсіндіру. Түсіндіру – бар
нәрсені, ал болжам – не болатынын, түсіну – не болуы керек екенін білдіреді.
Ғылымда, оның ішінде педагогикада түсіну
ғылым зерттейтін нысандарға,
құбылыс пен үдерістерге белгілі бір мән беру. Педагогикада түсіну
гуманистік өлшем енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: