95
Жүйелік тұғыр диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі. Жүйелілік
тұғыр - нысанды
жүйе
ретінде зерттеу әдіснамасы (М.С. Каган, В.Г.
Афанасьев және т.б.). Жүйелілік тұғыр «жалпы ғылымилығымен», «ғылыми
білімнің
көп
салалығымен»,
«жалпы
ғылымилықтың
гносеологиялылығымен» сипатталады (А.Д. Урсул және т.б.). Жүйелік тұғыр
- нақты гносеологиялық жағдаяттағы диа-лектикалық әдістердің көрінісі.
Сондықтан, жүйелік жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір құралы
ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты құбылыстарды
жүйелі зерттеуге қажет сапалы ғылыми тұғыр болып табылады.
Жүйелік тұғыр
– объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізін-де,
жалпы ғылыми әдіснамалық ұстанымдардың жиынтығы. Жүйе (система, грек
тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық,
бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қаты-наста және байланыста
болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпы ғылыми ұғым.
Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, орга-
никалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және
әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез
келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден
тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқ-састығын қамтамасыз ететін,
объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың
элементтер байланысы арақатына-сындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі
тәсілдің ерекшелігі, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның
тетіктерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген
типтерін анықтауға, олар-ды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға
бағыттайды.
Жүйелік тұғыры –
зерттелетін педагогикалық құбылыстарды және
олардың арасындағы байланыстың көптеген элементін анықтау.
Зерттелуші
объектіні жүйе
ретінде, оның элементін, олардың ара-сындағы байланысты
және оны жіктеп, құрылымын және ұйым-дастыруды, тұтастай білім беру
ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады. Педагогикалық жүйенің
ерекшелігі, бұл іс-әрекет жүйе-лері және қатынастар шеңберінде
қалыптасатын жүйелер (қайта құру-шы-белсенді, қайта жасаушы-
орындаушы, тұтынушы-дара немесе әре-кет жасаушы және т.б.). Бұл
жүйелер оқыту үдерісінің субъектілері арқылы құрылады және олардан
бөлек болмайды, солар арқылы жүзе-ге асады. Осы контексте педагогикалық
жүйе ретіндегі оқыту-тәрбие-леу үдерісінің негізгі сипаттамасы, оның
біртұтастығы мен кешендігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: