97
қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байла-нысты тәрбие беру
мақсатын анықтап,
оның мазмұнын, ұйымдасты-рудың нақты мазмұны мен
әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы маңызды мәселе.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологияда басты категорияның
бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың да-муы деп түсіндірсе,
педагогтарадамның дамуына мақсатты түрде бас-шылық жасау деген
теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі фактор-лардың әсерінен тұлғаның
дамуы сапалық және сандық өзгеріске түседі.
Тұлғаның өзгеруі оның
жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп
қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі
мен өнегесіне
байланысты. Оның басты са-лалары мыналар: денесінің өсуі – бұлшық
еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы
дамиды. Психикалық дамуы – ойлау,
қабылдау, зейін, ес т.б.; әлеуметтік
жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну,
әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу т.б.
Есте сақталған пәндер мен құбылыстар, тану барысында жүзеге асқан
белгілі бір іс-әрекеттің бейнесі негізінде түсінік қалыптасады. Бұл құбылыс
пәндер мен құбылыстардың жалпылама белгілерінің бөлінуі мен жүйеленуін
білдіреді.
Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры –
қа-зіргі
педагогиканың
теориялық-әдіснамалық
негіздері,
баланың
дара,
шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген.
Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып,
тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады.
Тұлғаға бағдар-лану тұғыры – баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке
тәжі-рибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және
тұлға ретінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасауды білдіреді. Бүгінгі
таңда
педаго-гикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олар-
дың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдар-лы
білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: