85
үшін стиль дегеніміз - мазмұннан тысқары жатқан
бітім қалыптастырушы принцип.
XIX ғасырдың
басында
білім
беру
мазмұнын
таңдаудың
дидактикалық
материализммен
бәсекелес
дидактикалық формализм пайда болды. Ол ағым
оқытуды
оқушының
ішкі
әлемін,
танымдық
қызығушылығы мен
қабілетін дамытудың негізгі
құралы деп қарастырды.
Дидактикалық утилитаризм (Дж. Дьюи, Г.
Кершенштейпер, В.А. Лай, У.Х. Килпатрик
). Бұл
ағымды америкалық философ әрі педагог Дж. Дьюи
ұсынды.
Оның ойынша, философия мен білім беру
парапар, білім беру арқылы
білім мен құндылықтар
бірігіп,
адамның
дүниеге
өзіндік
көзқарасын
қалыптастырады деп түсіндірді. Қазіргі уақытта
дидактикалық утилитаризм
идеясы негізінде зерттеу
негізіндегі оқыту тұжырымдамалары білім берудің
инновациялық модельдерін жасауға қол жетіп отыр.
Педагогикалық білім саласы дидактикаға
жаңалық
ендіру қажеттілігі туындады: білім беру жүйесіндегі
инновацияға қоғам мен мұғалімдердің оң көзқарасын
қалыптастыру; білім беру жүйесінде
жаңалықты
іздейтін,
табатын,
пайдаланатын
инновациялық
орталықтар
ашу;
жоғары
педагогикалық
оқу
орындарында болашақ мұғалімдерді инновациялық
технологиялармен
қаруландыру,
олардың