Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет127/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Пікір жазғандар
Беков А.А. - физика-математика ғылымдарының докторы, 
У.М.Сұлтанғазин атындағы Ғарыштық Зерттеулер Институтының профессоры
 
Джумагулова К. Н. - физика-математика ғылымдарының докторы,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-техникалық 
факультетінің плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының 
профессоры
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Электродинамика жоғары математикамен және теориялық механикамен
бірігіп теориялық дайындықтың негізін құрайды, фундаменталды білім береді. 
 
Электродинамика оқыту барысында оқу сабақтарының барлық түрлерін: 
лекцияны, семинарларды, практикалық сабақты пайдалану керек. Классикалық 
физика мен заманауи физика арасындағы өзара қатынасын көрсету керек. 
Айтылатын физикалық теориялар мен заңдардың қолданбалық шекарасы 
берілетін материалдармен логикалық байланыста болуы керек. Аталған пән, 
физикалық зерттеулер әдісі, физиканың даму тарихының мәселелері физиканың 
кіріспе лекциясында ғана толық берілмей, барлық курстың өне бойында айтылуы 
қажет. Электродинамикадағы барлық құбылыстар Максвелл теңдеулері мен 
зарядтардың қозғалыс теңдеулері негізінде сипатталады. 
Электродинамиканың қолдану салалары өте кең. Физикалық оптика, 
радиофизика, электроника, электрлік қондырғылар, телекоммуникация және 
т.б. техникалық салаларда электродинамика әдістері кеңінен қолданылып, зор 
нәтижелер беруде. Бүгінгі ғылыми-техникалық жетістіктерге жетудегі электро-
динамиканың үлесі ерекше деуге болады. Электродинамика теориялық физика 
саласы ретінде әлемнің физикалық кескінін суреттеуге көптеген іргелі 
түсініктер енгізді. 
Электродинамика курсын баяндау ғылыми түрде қатаң, дәл және анық болуы 
мәнін түсіндіруге ерекше көңіл бөліну керек. Оқу материалдарын баяндаудың 
қатаңдылық және дәлділік талабы физика курсында пайдаланылатын 
математикалық аппаратқа да қатысты. Студенттердің математикалық мәдениетін 
арттыру үшін математика көмегімен алынған физикалық теңдеулердің, 


қатынастардың физикалық мағынасына және олардың қолданбалық шекарасына 
талдау жүргізілу керек. 
Пререквизиты:
Пәнді оқыту «Аналитикалық геометрия», «Тензорлі және векторлық 
анализ», «Математикалық анализ» және «Дифференциалдық геометрия», 
«Дифференциалдық теңдеулер теориясы», «Электр және магнетизм», 
«Теориялық механика» курстарына дайындық ретінде өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет