Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: жабынды пителиальді
Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды клеткалар
орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады.
Атқыш немесе қалақай
клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы
орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде қабықшасының өзгеруінен пайда болған, іші қуыс
спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың сыртында қылтанақ тәрізді - книдоциль деп
аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше түрі кездеседі. Пенетранттар -
капсуласы ірі, атқыш жіпшесін жауының немесе қорегінің
денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны
жансыздандырады. Вольвенттер - капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау,
қорегін жіпшемен
шырмаалады. Глютинанттар - капсуласы созылыңқы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқақ өз қорегіне
кілегейленіп қалады. Осындай құрылысты атқыш клеткалар қорғаныс
және қорегін аулау қызметін
атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып
орналасады.
Жыныс клеткалары аралық (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары -
сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал аналық - жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара
және кос (гермафродиттер) жыныстылар.
Гидраның эпителиальды - бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз
пішінді нерв клеткалары
(нейрондар) жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасып нерв торын түзеді.
Осындай құрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв шоғырын
байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен
жиырылады.
Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады.
Достарыңызбен бөлісу: