170
жаңа тауарды әзірлеуді сәтті аяқтаса да, оның жаңа өнімді өткізу
стратегиясын іс жүзінде қолдануға мүмкіндігі болмайды.
Қауіптің келесі түрі кәсіпорын стратегиясын орындауға байланысты
тәуекел деңгейін арттыратын теріс күш болуы мүмкін. Қауіптің үшінші
түрі стратегияны орындау үшін қажетті ресурстар деңгейін арттыру қажет
болған жағдайда туындайды (шикізат қымбаттады). Қауіптің төртінші түрі
кірістілікті төмендетеді немесе күтілетін
қаржылық көрсеткіштерді
нашарлатады.
10.2. Бизнестің даму кезеңдері
Әлемдік, сондай-ақ қазақстандық экономикалық тәжірибе бизнес
ретсіз емес, белгілі бір ішкі заңдылықтарға сәйкес жұмыс істейді.
Нақты «іс» құрылады, дамиды, өзінің нарықтық тауашасын табады
және
жаулап алады, тұрақтанады, тоқтайды (дамымайды және
қысқартылмайды, яғни өзгермейтін қоршаған нарықтық ортамен тепе-
теңдікте болады), мүмкін, қысқарады және ақырында, өз өмір сүруін
тоқтатады.
Жалпы, нақты бизнестің өмір сүру циклі–құрылу,
трансформациялау және жойылудың динамикалық процесі туралы айтуға
болады.
Жалпы, нақты бизнестің өмір сүру циклі туралы айтқанда-құрылу,
трансформациялау және жоюдың динамикалық
процесі туралы айтуға
болады.
Сонымен қатар, бизнеспен айналысуы әдетте ақша қаражатын алуға
және жұмсауға байланысты болады, олардың қозғалысы да ауыспалы
сипатқа ие (бизнесменнің иелігіндегі деп санауға болатын бөлігінде).
Бұл
қозғалыста қысқа мерзімді циклдар (салынған қаражаттың айналым
циклдары) және ақша жинақтаумен байланысты неғұрлым ұзақ
тенденциялық өзгерістер үйлеседі.
«Экономикалық өмірлік циклдің»
аяқталуы нақты бизнесті трансформациялау
немесе оны қызметтің жаңа
өрісіне көшіру үшін жеткілікті ақша сомасының жинақталуымен үйлескен
жағдай неғұрлым қалаулы жағдай болып табылады.
Қаржы қаражатының
қозғалысында циклдардың сәйкес келмеуі және экономикалық цикл
171
сатыларының ауысуы бизнестің бұзылуына (банкроттыққа) әкеп
соқтыратын жағдайлар да бар.
Бизнестің өмірлік циклінің негізгі кезеңдері: «пайда болу»,
«қалыптасу», «өсу», «кемелдену» («жетілу»), «құлдырау», «жойылу»
болып табылады. Кәсіпорынды түпкілікті модернизациялау яғни жаңарту
арқылы оның қайтадан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бар. Бұл-сыртқы
және ішкі ортадағы болатын өзгерістерге байланысты болады. Әрбір кезең
өзінің стратегиялары мен қызмет тактикаларының өңделуін талап етеді.
Әрбір кәсіпорынды нарық талаптарына сай ыңғайлап, бәсекеге қабілетті
тауар
шығарып қана қоймай, өзінің қызмет ету позициясын, имиджін
өзгертіп, қайтадан жарақтандыру қажет. Егер кәсіпорында мұндай процесс
жүрмесе, онда ол өзінің қызмет ету тиімділігін төмендетіп, банкроттануға
жақындап, қазіргі заманға сай техникамен жарақтандырылған кәсіпорынға
орын босатуы ғана қалады.
Достарыңызбен бөлісу: