173
жүргізіледі. Жетекшілікке
тәжірибелі әкімшілер келеді, ал ерекше
талантты мамандар көбіне «тілалғыштармен» алмастырылады.
Кәсіпорынның кемелденуі оның қызметтің жаңа салаларына
енуімен, кеңейтумен және саралаумен байланысты,
алайда дәл осы
кезеңде басқаруда бюрократизм белсенді түрде пайда болады.
Жетілу үш
сатыға бөлінеді: ерте, аралық және соңғы. Ерте жетілу кезеңі
кәсіпорынның еркін өсуімен, аралық – теңгерімді өсумен, түпкілікті –
қанығумен және қызметтің стагнациясымен сипатталады.
12 -сурет. Бизнес түрінің өмірлік циклі
Құлдырау
-нарықтағы бәсекелестік позициялардың жоғалуымен,
фирмаішілік
қайшылықтар
мен
қақтығыстардың
шиеленісуімен,
фирманың қаржылық жағдайының нашарлауымен және оның құнының
төмендеуімен сипатталатын кезең.
Жойылу
-осы бизнесті аяқтау.
Мәні бойынша бұл капиталдың басқа
салаға немесе қызмет саласына шоғырландырылып өтуі не көптеген
кредит берушілер бойынша капиталдың дисперсиясы (шашырауы) және
капиталдың тұтас жойылуы болуы мүмкін.
Нақты бизнестің өмірлік циклін басқару
әрекеттерімен байланысты
және бір кезеңнен екіншісіне ауысуды жеделдетуге немесе бәсеңдетуге
174
бағытталған шешімдер маңызды стратегиялық шешімдер қатарына
жатады.
Кәсіпорынның стратегиясы мен оның өмірлік циклінің фазалары
бойынша кәсіпорынның қозғалысы арасындағы байланыс өте күшті
болады.
Бизнес саласындағы сәтсіз шешім
өмірлік циклге жатпайтын
сияқты, жаңа кезеңнің басталуы түрінде ұзақ мерзімді салдары болуы
мүмкін.
Сондықтан бизнестегі эволюция мен өзгерістердің объективті
заңдылықтары стратегияны әзірлеу және тіпті басқарудың тактикалық
міндеттерін шешу кезінде бірінші дәрежелі мәнге ие.
Трансформацияның ерекше түрі кәсіпорындарды (бизнесті) біріктіру
болып
табылады; бұл ретте олардың заңды мәртебесі өзгермейді.
Трансформацияның негізгі себептері үш салада топтастырылады:
біріншісі
қоршаған
ортаның
өзгеруіне,
екіншісі–компания
Стратегиясының қалыптасуына немесе өзгеруіне, үшіншісі– компанияның
ішкі жағдайының өзгеруіне байланысты. Тиісті факторлардың негізгі
сипаттамаларын (аспектілерін) көрсете отырып, осы топтарды толығырақ
қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: