Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет25/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
БИЗНЕС 
Табиғи-географиялық орта бизнес жүзеге асырылатын табиғи 
жағдайлар мен экологиялық ортаны сипаттайды. Бұл шикізаттың, 
энергоресурстардың болуы және қол жетімділігі, климаттық, маусымдық 
жағдайлар, сондай-ақ ластану дәрежесі және табиғатта табиғи теңгерімнің 
бұзылу дәрежесіне қатысты. Бизнестегі табыс немесе сәтсіздік 
кәсіпорынның орналасу ауданы қаншалықты сәтті немесе дұрыс 
таңдалмағанына байланысты. Бизнестің табиғи географиялық ортасы 
құрамы мен сипаттамасы мына кестеде көрсетілген. 


39 
Кесте 10. Бизнестің табиғи географиялық ортасы 
Бизнестің табиғи географиялық ортасы 
Орта ресурстары 
Ортаның сапалылығы 

жер 

су 

биологиялық 

минералды шикізаттық 

жылу энергетикалық 

климаттық 

рекреациялық 

ресурстармен қамтамасыз етілуі және 
оларды игеру үшін қол жетімділігі 

топырақ құнарлылығы 

экожүйелердің өнімділігі 

жыл мезгілдерінің ұзақтығы 

табиғаттағы табиғи баланстың ластану 
және бұзылу дәрежесі 
Бизнестің 
орналасқан 
жері 
сыртқы 
ортаның 
көптеген 
факторларымен, ең алдымен көліктік қолжетімділікпен, жұмыс күшімен, 
шикізатпен, материалдармен, энергиямен, басқа да ресурстармен 
қамтамасыз етілумен анықталады. Бұл факторлар кәсіпорындарды 
орналастыруға, шикізатты жеткізуге, өнімді өткізуге және жұмыс күшін 
қолдануға тікелей әсер етеді. Бұл факторлар мен шығындарды бағалау 
кәсіпорынды макродеңгейде, яғни осы бизнесті табысты жүргізуге 
болатын нақты елдің, өңірдің, жердің орналасу орнын сәтті таңдауға 
мүмкіндік береді. 
Кәсіпорын сыртқы ортамен тұрақты түрде алмасып тұрады, өйткені 
сыртқы орта өндірістік әлеуетті қалыптастыру және қолдау үшін қажетті 
өндірістік ресурстар көзі болып табылады. Сыртқы ортаның факторлары 
кәсіпорын мен оның қызметтері тарапынан бақыланбайды. Кәсіпорыннан 
тыс, сыртқы ортада болып жатқан оқиғалардың әсерінен кәсіпорын 
басшылары өзгеріс жағдайларға бейімделіп, ішкі ұйымдық құрылымды 
өзгертуге мәжбүр болады.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет