Бизнеске кіріспе


Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандары



Pdf көрінісі
бет28/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

3.2 Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-экономикалық нысандары 
 
Кәсіпкерліктің негізгі және әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған 
ұйымдық-экономикалық нысандарына мыналарды жатқызуға болады: 
Корпорация
-бұл оның қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін 
құрылған ұйым; ол кәсіби бірлестіктің немесе мемлекеттік басқарудың 
нысаны 
бола 
алады.
Жаһандану 
жағдайында 
халықаралық 
корпорациялардың ерекше түрі – трансұлттық корпорациялар (мысалы: 
Microsoft, Siemens, General Motors, Coca-Cola, Raiffeisenbank және т.б.) 
құрылды. 
Концерн
-бұл мүдделердің ортақтығы негізінде түрлі салалардың 
кәсіпорындары мен ұйымдарын біріктіру нысаны.
Біріктірудің басқа 
түрлерімен салыстырғанда неғұрлым «қатаң» болып табылады, өйткені 
концерн мүшелері құқықтарының бір бөлігі алқалы басқару органына 


44
беріледі. Концерндегі кәсіпорындар өзара шарттар мен капиталмен 
байланысты.
Концернге қатысушылардың әрқайсысы заңды тұлға 
мәртебесін нақтылы сақтайды, бұл ретте бас кәсіпорынның еншілес 
компаниясы немесе филиалы болуы мүмкін.
Концерндер, әдетте, машина 
жасау, ауыр өнеркәсіп, автомобиль жасау және т.б. салаларында 
құрылады. 
Картель
-бұл тауарларды өндіру және өткізу, жұмыс күшін жалдау, 
баға құру және т. б. мәселелерді реттеу туралы келісімге негізделген 
бірлестік нысаны.
Картельге кіретін кәсіпорындар өзінің өндірістік және 
коммерциялық дербестігін сақтайды, бұл оларға қызметтің жалпы 
қағидалары (бағалар, жеткізу шарттары, квоталар, өндіріс көлемдері, 
өткізу нарықтары және т. б.) бойынша картель келісімін қабылдауға 
кедергі келтірмейді.
Халықаралық картельдің үлгісі ОПЕК (мұнай 
экспорттаушы елдер ұйымы) болып табылады. 
Консорциум
-заемдарды немесе акцияларды орналастыру бойынша 
белгілі бір қаржылық операцияларды не пайда табу мақсатында бірыңғай 
жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше банк немесе өнеркәсіптік 
кәсіпорындар мен бірлестіктер арасындағы келісім нәтижесінде пайда 
болған уақытша немесе тұрақты құрылым. Бұл ретте консорциумға кіретін 
барлық кәсіпорындар мен бірлестіктер өзінің заңды дербестігін толық 
сақтайды, бірақ қойылған міндетті жүзеге асыру үшін бірыңғай 
басшылыққа бағынады.
Мұндай бірлестікте консорциум өзінің тапсырыс 
берушілері алдындағы борыштар бойынша ортақ жауапкершілікте 
болады.
Консорциумдар әдетте техникалық күрделі инновациялық өнім 
өндіру үшін құрылады. 
Синдикат
-коммерциялық 
қызметті 
бірлесіп 
ұйымдастыру 
мақсатында кәсіпорындарды біріктіру (жабдықтау және өткізу, баға 
белгілеу және т. б.).
Синдикат құрамына кіретін кәсіпорындар 
экономикалық және заңды тәуелсіздікті сақтайды. 
Трест-
бұл шаруашылық және заңды дербестігін жоғалтқан және 
бірыңғай жоспар бойынша әрекет ететін кәсіпорындарды біріктіру 
нысаны. Трест үшін басқаруды орталықтандырудың жоғары дәрежесі тән. 
Трест әдетте акционерлік қоғам түрінде құрылады. Трестте картель мен 


45 
синдикаттан гөрі капиталдың неғұрлым көп шоғырлануы оның бәсекелесу 
қабілетін күшейтеді, ал оның қатысушыларына неғұрлым жоғары пайда 
әкеледі. Қосылу деңгейіне қарай трест толық қосылған кәсіпорындардың 
бірлестіктеріне және қатысушылары іс жүзінде басты қаржы орталығына 
– холдингтік компанияға бағына отырып ресми дербестікті сақтайтын 
бірлестіктерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет