60
Мемлекеттік гранттар беру тетігі:
1) мемлекеттік грантты алу үшін үміткерлер халықты жұмыспен
қамту орталығына өтініш береді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен
құжаттарды қарайды, мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің
тізімін
қалыптастырады және ӨКП жанындағы комиссияның қарауына жібереді;
3) ӨКП жанындағы комиссия қажетті құжаттарды қарайды,
мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынбау туралы қорытынды дайындайды
және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде халықты
жұмыспен қамту орталығына тиісті қорытынды жібереді;
4) қорытынды беру үшін ӨКП жанындағы комиссия қажет болған
жағдайда жеке әңгімелесу өткізеді немесе мемлекеттік грант алуға үміткер
адамдардан қосымша құжаттарды сұратады;
5) халықты жұмыспен қамту орталығы қорытындыны алғаннан кейін
үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш
берушіні жазбаша хабардар
етеді;
6) ӨКП мемлекеттік грант берілген күннен бастап 12 ай ішінде
қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және
жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік,
заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) ұсынуға жәрдем
көрсетеді.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген
мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады. Әрбір кәсіпкер
мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: