дәуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мәйітті өртеу басым болған. Бұдан
андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен
бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы
ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болғасын, құмыралар мен сүйектер
болашақ үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы
отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-
жоралғылардың бәрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-
береке болса деген тілекпен жасалған. Мәйітті көкке әкететін от құдайы – Агнияға арнап
құрбандыққа ешкі сойған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған.
Ата-баба аруағына сиыну және о дүниеге сену кең тарады.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі
адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі
адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның рухани
мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады.
Қазақстан – жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы жөнінен әлемдегі ең
бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ,
Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Қола дәуірінің
адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Жартастардағы салынған суреттер –
андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді.
Достарыңызбен бөлісу: