Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


)Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

7)Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени 
факторлар. 
Көшпелілік–көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік экономикалық даму жүйесі, 
шаруашылық – мәдени типі. Біздің заманымыз дан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық 
және афроазиялы қаридтік аймақта қалыптасты. Көшпеліліктің шығуы, көп жағдайда, 
географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Қазақстан шеңберінде көшпелілік 
қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жемжоталары, Бетпақдала, Балқа 
маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, 
Алатауларының таубеткейлері және таулы өлкелері жатады.Бұл аймақтардағы өзен – сулардың 
маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы – егінші мәдениеттер шекараларында 
маргиналдық аймақтар қалыптасты.Оларға тән шаруашылық – мәдени тұрпат – жартылай көшпелі 
шаруашылық пен мәдениет. 
8)Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. 
Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. 
Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы 
жылқысының саны мен өлшеніп, есептелетін.Жылқының шаруашылықтық маңызы зор 
болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл 
бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық 
жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды 
ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, 
көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін. Қонақтарға, 
Әсіресе құрметті қонақтарға, тартылатын ең құрметті ас жылқы еті саналатын. Жылқы әрі құндылық 
өлшемі ретінде есептелетін: ол қалыңды қүшін төленетін қалың малдың құрамына міндетті түрде 
енетін, бәйгеде бағалы жүлде болып табылатын. Көшпендінің байлығы оның қолындағы 
жылқысының санына пара пар келетін. Қой ет пен сүт берген, терісінен киім тігілген, жүні киіз бен 
шек пен жасауға қолданылған. Тіпті қысты қотынның басым бөлігі қойдың қиынан дайындалды 
(яғни көшпелі шаруашылықта қалдық болмаған, бұдан, әрине, біздің ата – бабамыздың даналығы, 
тапқырлығы, шаруаға ептілігі көрініс береді). Қазақтар өз шаруашылығында түйе мен ірі қара малды 


тым көп ұстамаған. Түйелер алыс жерлерге көшіп – қону кезінде таптырмас көлік күші 
болғандықтан, оларды жұмысқа пайдаланатын мал ретінде өсірген. Жоғары сапалы түйе жүні киім 
тоқуға жұмсалса, сүтінен шұбат әзірленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет