басшылыгында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, ягни болжам түзеді, оның шынайылыгын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талкылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді. Проблемді оку басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: окушыларга тек қажетті білім, ептілік және дагдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп коймастан, олардың акыл-ой дамуына жол ашады, өз шыгармашылык куатымен берік білім калыптастыруга көмектеседі, өз оку еңбегіне қызыгу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін камтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланган нәтижеге жету көп уакытть: талап 34
етеді, сонымен бірге, оқушылардын танымдық іс-әрекеттерін жуйелі баскару қиын. Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуга балама ретінде ұсынылган білім игеру жүйесі. Бүл технологияның мэні - окушы модульмен жұмыс орындау барысындагы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұгалім
жәрдемімен) жетеді (П. Юцявичене, Т. И. Шамова). Модуль - мақсатқа орайластырылган оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің эдістемелік көрсетпелері. Бұл технологияга орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинакы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол
ақпарат оқу мазмұнының көлемін гана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сэйкес
меңгеріледі.