Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет60/123
Дата17.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#197441
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Халперн Д. Психология критического мышления. Сер. «Мастера 
психологии». - СПб.: Питер, 2000. - 512 с.
2 Копжасарова У.И., Шакимова А.К. Развитие навыков критического 
мышления 
как 
средство 
совершенствования 
самостоятельной 
деятельности студентов. 
Ы
ір
.
і
/
ш ш
.
гизпаика.сот.
4.8 Ғ ы л ы м и монограф ия
М онограф ия - бұл бір мәселеге немесе тақырыпқа 
толықәрі жан-жақтьі тереңзерттеу жүргізетін, бір немесе 
бірнешеавторжазатынғылымижұмыс. Монографияның 
ғы л ы м и және практикал ы қ деген екі түрі бар.
Ғ ы л ы м и м онограф ия дегеніміз - ғылыми мәселе бойынша 
теориялықматериалжан-жақты қорытылыпжазылатыннемесетақырыпқа 
сыни тұрғыда талдау жасайтын, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды 
жинақтайтын 
ғылыми-зерттеу 
жұмысы. 
Монографияда 
ғылыми 
басымдыққа назар аударылады, қоғамды жаңа ғылыми ақпаратпен
91


таныстырады, ғылыми, диссертациялық зерттеулердің негізгі мазмұны 
мен нәтижелерін жариялайды.
Ғылыми монографияның мазмұны тұтастығымен ерекшеленеді және 
ол ізденушінің ғылымға қосқан үлесін көрсетеді, білікті ғылыми жұмыс 
ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда ол диссертациялықжұмысты 
алмастырады. Диссертация ретінде есептелетін ғылым докторы ғылыми 
дәрежесін алуға жазылған ізденушінің жеке монографиясының келемі 
жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында 10 баспа табақтан 
(160 бет), ал гуманитарлықжәне қоғамдықғылымдар саласында 15 баспа 
табақтан (240 бет) кем болмауы тиіс.
Ғ ы л ы м и м он ограф и яны ң екінш і түр і - бұл диссертацияның негізгі 
мазмұнын немесе зерттеу тақырыбы бойынша негізгі жарияланымдардың 
біреуін жарыққа шығару құралы болып табылатын ғылыми жұмыс. Оған 
мынадай талаптар қойылады:
- көлемі 10 баспа табақтан (160 бет) кем болмауы керек;
- тиісті мамандық бойынша екі ғылым докторының пікірлерінің 
болуы;
- ғылыми-зерттеу мекемесінің немесе жоғары оқу орнының ғылыми 
кеңесінің ұсынымының болуы;
- тиражы 300 данадан кем болмауы тиіс;
- І5ВЫ халықаралық стандарттық нөмірінің болуы.
Диссертация 
мен 
монографияның 
арасында 
белгілі 
бір
айырмашылықтар бар:
Біріншіден, диссертацияда автордың жеке өзі қол жеткізген ғылыми 
нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады.
Монография - ізденушіге, сонымен қатар басқа да авторға тиесілі 
нәтижелерді, идеяларды, тұжырымдарды мазмұндайтын еңбек.
Екіншіден, диссертация жаңа ғылыми нәтижелерді, тұжырымдарды, 
деректерді мазмұндаса, ал монография жаңа нәтижелерден де, 
көпшілікке белгілі әдістемелік, техникалық шешімдер мен деректерден 
де хабар береді.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Білім және ғылым саласын қадағалау комитетінің талаптары бойынша 
диссертацияның ұстануға міндетті белгілі бір құрылымы мен ресімделу 
тәртібі болады. Монографияға мұндай талаптар қойылмайды.
Төртіншіден, диссертация - белгілі бір кітапханаларда шектеулі 
данада сақталатын қолжазба. 
Монография - бұл 
Қазақстанның 
кәсіби баспаларында типографиялық немесе басқа да тәсілдермен 
дайындалатын тиісті редакциялық баспалық өңцеуден өткен басылым.
Диссертация 
ресімделуі 
мен 
басылуы 
жағынан 
мемлекеттік 
стандарттардың талаптарына сәйкес орындалса, 
монографияның 
құрылымына ондай талаптар қойылмайды.
92


Ғылыми 
монографияның дәстүрлі 
композициялық 
қүрылымы: 
титулдықбет, аңдатпа, шартты қысқартулардыңтізбесі (қажет болғанда), 
кіріспе немесе алғы сөз, негізгі бөлім, тұжырымдар немесе қорытынды, 
әдебиет тізімі, қосымша, мазмұны.
Монография, ең алдымен, ғалымдарға арналады, сондықтан 
жарияланымның формасы 
мен 
мазмұнына жауап 
беруі 
керек. 
Монографияда материалдың толық және жан-жақты мазмұндалуы, 
негізгі идеялар мен тұжырымдардың берілу логикасы маңызды болып 
табылады. Монографияныңтарауларында материалдың мазмұндалуына 
қойылатын талаптар басқа ғылыми жарияланымдарға қойылатын 
талаптарға ұқсас.
4.9 П ікір
Пікір (рецензия) дегеніміз - ғылыми зерттеу жұмысына
Д
| д
(реферат, мақала, монография, эссе, магистрлік/докторлық
і
4«^ диссертация, курстық/дипломдық жоба т.б.) жүргізілетін
— шынайы талдау. Пікір беруші рецензент, пікір беру жұмысы
----------- рецензиялау деп аталады. Рецензенттің басты міндеті
-
жұмысты құр сипаттау емес, ғылыми еңбек авторының 
көзқарасын қолдау немесе оған қарсы аргументтелген фактілер керсету, 
зерттеудің жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беру. Пікір әділ, нақты, 
шынайы, еңбектің ғылыми, практикалық маңыздылығы турасында, 
жеке көзқарастардан ада, эмоциясыз берілуі тиіс. Пікір бермес бұрын 
рецензент материалмен мұқият танысып шығуы қажет.
Ғылыми ортада курстық/дипломдық жоба, диссертация (магистрлік/ 
докторлық), монография, оқу құралы, әдістемелік құрал, мақала, ғылыми 
жоба сияқты зерттеу еңбектерге пікір талап етіледі. Ғылыми жұмысқа 
берілетін пікірдің құрылымы, негізінен, мына мәліметтерді қамтиды (пікір 
талап етілетін жағдайға қарай өзгерістер болуы мүмкін, кейде пікірдің 
дайын формасы беріледі):
- ғылыми еңбектің атауы, авторының аты-жөні, лауазымы;
- негізгі бөлім (зерттеу тақырыбының өзектілігі мен тақырыптың 
ашылуы; мәселенің теориялық тұрғыдан терең зерттелгенін дәлелдейтін 
дәйексездердіңберілуі, мәтінқұрылымыныңлогикалықжақтандәйектілігі; 
зерттеу мақсатына сәйкес әдістердің қолданылуы; қойылған мақсат- 
міндеттердің орындалуы);
- жетістіктері мен кемшіліктері;
- жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығы;
- сауаттылығы, ресімделуінің талап етілетін нормаларға сәйкестігі;
- ұсыныс (курстық/дипломдық жоба, реферат т.б. үшін қорытынды 
баға, кейде қорғауға жіберу/жібермеу туралы ұсыныс; мақала, тезис, 
бяндама т.б. үшін жариялауға жіберу/жібермеу туралы ұсыныс;
93


магистрлік/докторлық диссертация үшін ғылыми дәреже беру/бермеу 
туралы ұсыныс);

пікір берушінің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қолы (мекеме 
мерімен расталады).
Кейжағдайлардаішкіжәнесыртқыпікірқажетболуы мүмкін. Ішкі пікірді, 
әдетте, ғылыми жұмыстың жетекшісі, автормен бір мекемеде жұмыс 
істейтін әріптесғалым береді. Сыртқы пікір беру үшін өзге мекемелердің, 
ЖОО-лардың ғалымдары тағайындалады.
П ікір жазуда 
жиі 
қолданы латьін т іл д ік оралы м дар:
Ж ұмыс... тақырыбына арналған 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі сөзсіз/дау тудырмайды 
¥сынылып отырған теорияның маңыздылығы анық 
... мәселесі жан-жақты талданады/сипатталады 
Практикалық тұрғыдан дәйектеледі/дәлелденеді 
Теориялықдеректерді талдауы ... сияқты шешімдер жасауға мүмкіндік 
береді
... негізінде өз көзқарасын нақты дәлелдей алған 
... мәселелеріне басты назар аударылады 
... қол жеткізілген нәтиже ретінде бағалауға болады 
Жұмыстың бірінші тарауында ... сөз болады 
Жұмыстың теориялық бөлігі... зерттеуге арналған 
... мынадай мәселелерді анықтайды
...практикалық ұсыныстар әзірлеп, оларды сынақтан өткізген 
автордың ... деген пікірін қолдаймыз/пікіріне қосыламыз 
... 
деген 
пікірімен/көзқарасымен/тұжырымымен 
сөзсіз 
келісуге 
болмайды
... жеткілікті түрде дәлелденбегенін атап көрсетеміз
... зерттеужұмысыныңмаңыздылығына қатты әсеретпейтін ескертулер
бар
... кемшілігі ретінде көрсетуге болады 
... қойылатын талаптарға жауап береді 
... мәселеге қатысты тың тұжырымдар ұсынылған 
... қосымша редакциялауды талап етеді, себебі...
... қорғауға/жариялауға ұсынуға болады деп санаймыз
94




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет