айналысатын,
ақпараттарды
өңдеп
сақтайтын
бірнеше
ғылыми
бағыттардың пәндік саласын «қалқалаушы» болып табылады [1, 58].
Қоршаған дүниенің түрлі қүбылыстары мен нәрселерінің өзіне тән
жалпы мәліметтері бейнеленетін концептілердің пайда болу барысы
жүздеген жылдарға созылып жатыр деуімізге болады. Әр урпақ
концептуалды жүйенің қалыптасуына, оны тексеріп, түзетіп, қорытып, ал
кей кездері мазмұнын түбірімен
өзгертіп, өз үлесін қосып келеді. Қазіргі
уақытта кез келген концептіні әбден қалыптасып болған деуге ертерек,
олар үнемі өзгеріс үстінде, қатары күн санап толығуда.
¥лттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін
айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің
ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен
біліміне байланысты, өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне
адамдардың өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені негіз болады.
Концептіге
ұғым енгенімен, ол ұғыммен ғана шектеліп қалмайды,
сөзге қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге
концептінің көрінісі сез тіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде,
мәтіндерде жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық ұясы болып
саналады. Концептіні жасауға көмек беретін тілдік деректердің қатарына
тіл бірліктерінің паремиология мен фразеологиялық қорда қолданылуын
табу мен сипаттауды да жатқызамыз. Солардың бірі «т/л» терминімен
байланысты концептілерді паремиологиялық қордан тауып, олардың
когнитивтік мәнін талдау осы еңбегіміздің мақсаты болмақ.
«
Тілу>
терминімен тіл білімінің негізгі концептілері байланысты. Тіл адам
баласын табиғаттың өзге тірі бөлшектерінен
ажырататын негізгі белгісі
болып табылады. В. Гумбольдтше айтар болсақ, «тіл жанның үздіксіз
әрекетін көрсетеді және ойды жеткізу үшін дыбыстардан құралады» [2,
117].
Тілдіңпаремиологиялыққорындасолэтностанымыныңерекшебелгілері
сақталады. Тілдің жекелеген жүйелерінде көрінетін паремиологиялық
білім қоры нақты этномәдени қоғамдастықтың мүшесі ретінде адамдардың
күнделікті тәжірибесіне, олардың әдет- ғұрпы мен наным-сенімдеріне
негізделеді. Сондықтан «Т/л» концептісін лингвомәдени тұрғыда толық
зерттеуді қамтамасыз ету үшін паремиологиялық қорды талдау қажет.
Паремия деп ойды астарлап жеткізу үшін дидактикалық мақсатта
қолданылатын тілдегі тұрақты тіркестерді айтамыз [3, 67]. Логема -
паремиялардың жекелеген топтары жүйеленетін қорытындылаушы
сипаттағы логика-семантикалық бірлік. Логема паремиологиялық қорда
жекелеген мәдени мәндегі ойларды нақты
топтарға жинақтап баға
беретін және барлық басқа да ойды қорытындылайтын қызмет атқарады.
Дегенмен логемада паремия мәліметтерінің мақал-мәтел семантикасын
түрлі субъективті қабылдауда жүзеге асатындығын ескеру қажет [4,
112]. Қазақ тіліндегі тіл туралы негізгі пайымдаулар «Тіл адам өмірінде
маңызды рөл атқарады» деген логемада беріледі. Яғни «тіл» концептісіне
қатысты қазақ паремиялары «Тілдің адам өміріндегі атқаратын маңызды
рөлі» аспектісінде қарастырылады.
99
«Адам баласының қоршаған ортаға тіл арқылы әсер етуі» аспектісі
«Тілдің адам өміріндегі атқаратын маңызды рөлі» атты логемада жүзеге
асады. Бұл топтағы логемаға
«Тілжетпейтінтукпіржоқ», «Тіл-буынсыз,
ой-түпсіз», «Тілтасжарады, тасжармаса, басжарады», «Тілқылыштан
- өткір», «Тіл - тиексіз», «ИІебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ»,
«Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме», «Ойдың көркі- тіл,
тілдің көркі -сөз»
деген мақал-мәтелдерді жатқызамыз.
Осы логеманы іштей 1.1 «Тіл - өмірдегі мақсатқа жетудің аса маңызды
құралы», 1.2 «Тіл қауіпті болып табылады», 1.3 «Тіл адамға эмоционалды
әсер етудің тиімді құрал қызметін атқарады», 1.4 «Тілдіжақсы меңгергендік
өмірде жақсы күресе білуді көрсетеді», 1.5 «Тіл - адам ойын жеткізуші
құрал», 1.6 «Қатысымда тіл барлығына түсінікті болуы керек» деген
топтарға жіктеуге де болады.
Сонымен қазақ паремияларында тіл қоршаған ортаға әсер етуші ең
күшті құрал ретінде қолданылады.
«Еңбек» концептісінің тілдік негізін еңбектің күшті қажет ететін
әрекет
ретіндегі мағынасы құрайды. Дәл осы мағына «еңбек», «жұмыс», «іс»
сияқты сөздерде кездескенімен, осылардың ішінде «еңбек» лексемасы
доминант болып табылады. «Еңбек» концептісі тірек болып табылатын
мақал-мәтелдерді талдау барысында олардың мынадай концептуалдық
белгілерінің бар екендігіне көз жеткіздік:
1. Еңбектің адам өміріндегі орны:
«ер еңбегімен танылар»
(Ерді еңбек жеткізер; Ердің атын еңбек
шығарар; Еңбегіңнен ел таныр; Еңбек - ердің көркі, Ер - елдің көркі; Ер
еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады).
«қиналып еңбек етсең, жемісін жейсің»
(Еңбегің қатты болса,
татқаның тәтті болар; Жан қиналмай жұмыс бітпес,Талап қылмай
мұратқа жетпес; Еңбек еткен емеді, еңбексіз не өнеді; Ерте түрған
еркектің ырысы артық, ерте түрған әйелдің бір ісі артық).
2.
Адам өміріндегі еңбектің нәтижесі:
«еңбек өз жемісін әкеледі»
(Еңбек етсең - емерсің; Қолы
қимылдағанның аузы қимылдайды; Вейнет, бейнет түбі
-
зейнет;
Рақаттың түбі - кеңіс, еңбектің түбі - жеміс; Берген - алар, еккен
-
орар; Ексең егін, ішерсің тегін).
3. Еңбекқор мен еріншек.
«еңбекқордың белгісі»
(Ерінбеген етікші болады; Бал үстаған
бармағын жалайды).
«еріншектің белгісі»
(Еріншекке бүгіннен ертең оңай; Дарақының
күлкісі қанбас, еріншектің үйқысы қанбас; Жатқанға жан жуымас,
жалқауға мал қүралмас; Еріншектен мізбақпас туады).
Қазақ паремияларындағы «Еңбек» концептісі жалпы адами құндылықгы
білдіріп, еңбекке деген көзқарас арқылы адамзаттың қоғамдағы орнын
айқындайды. Паремиялардан еріншек адамның «құр кеуде» екендігін,
яғни кісінің көркі еңбекте деген астарлы ойды ұғасыз.
Қандай да бір тілдік бірліктердің тарихи негіздері халықтың
болмысымен тікелей байланысты түрлі «мәдени кодтарды» жеткізуші,
100
ұлттық сана-сезімді өз бойына сақтаушы тілдіктаңба болып табылады. Әр
ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Адам
өзінің көріп-білгенін, естігенін тілдік бірліктер арқылы түйіндейді, яғни
концептілерге бөледі. Ол концептілер адам миында белгілі бір логикалық
жүйелілікпен орналасып, қажет жерінде тіл арқылы көрініс табады.
Қорыта келгенде, зерттеу барысында конитивтік лингвистиканың
категориясы болып табылатын концептінің дүние
құндылықтарын
танытатын, санадағы ұғымды бейнелейтін, тіл арқылы объективтенетін
қатпарлы құрылым екенін аңғардық. Концепт - бір сөздің беретін ұғымы
мен түсінігі емес, күрделі
семантикалық бірлік. Концепт пен ұғым екеуінің аражігі бұл күндері
толық ашылған логикалық және лингвистикалық бірліктер болып
табылады. Ол - тілдік бірліктерді (сөз, сөз тіркесі, сейлем, дискурс)
белгілей алатын, семантикалық өріс ретінде көрініс беретін мағына. Онсыз
ол концепт деңгейіне кетеріле алмайды. Концептілер тұлғаның білім
деңгейін танытады, ұлттың мәдени болмысы мен менталитетін көрсетеді.
Концептінің тілдік көрінісі сез, тіркестер, фразеологизм, паремия, сейлем,
мәтін болып табылады. Концептілердің құрылымы мен түрлері, олардың
бір-бірінен айырмашылықтары, паремиологиялық қорда «Тіл», «Еңбек»
концептілерінің керініс табуы арқылы қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: